Дипломная работа - Анализ систем охраны применяемых GSM каналы связи - на казахском языке - файл n1.doc

Дипломная работа - Анализ систем охраны применяемых GSM каналы связи - на казахском языке
скачать (485.9 kb.)
Доступные файлы (1):
n1.doc951kb.31.05.2010 23:54скачать

n1.doc

  1   2   3   4   5   6   7   8
Дипломдық жұмыс

Тақырып: "GSM байланыс арналарын қолданатын қауіпсіздік жүйелеріне анализ"
Орындаушы:Ибраев Б.А.

Жетекші:Наурыз К.Ж.

Пікір беруші:

Мазмұны


Бұл талаптарды есепке алумен "Ахтуба", "Юпитер", "Приток - А", "Фобос -А", "Фобос - 3" және тағы басқа мұндай жүйелер жасалып ендiрілген.

1.2 Сымсыз каналдары қорғау жүйелерiнде қолдану

1.3 қазіргі gsm арналарын қолданушы қауіпсіздік жүйелеріне шолу

2. GSM арналарын қолданушы қауіпсіздік жүйелерін құрастыру

2.1 GSM арнаcын құрастыру

2.2 GSM арнаны шифрлау принціпі

2.3 Қауіпсіздік жүйелері қолданатын GSM арналарының функциялары

3. GSM арнаны қолданатын қауіпсіздік жүйелер функциялауына анализ.

3.1 GSM арнаның бөгеуілтұрақтылығы мен бөгеуілқорғанысына анализ

3.2 GSM арнасының мәлімет тарату жылдамдығы мен өткізу қабілетін зерттеу

3.3 Анализ модели gsm канала по обеспечению требуемой зоны покрытия

3.4 GSM арналарды қолданушы қауіпсіздік жүйелерінің техникалық сипаттамаларын жақсарту бойынша ұсыныстарды жасау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Аңдатпа
Дипломдық жұмыста әртүрлі сымсыз технологияларды салыстыру, күзет жүйелерінде GSM-арнаны құру принціптері қарастырылып, GSM басқа сымсыз технологиялармен салыстырылады.

Күзеттің негізгі сымсыз жүйелеріне шолу жасалынып, олардың негізінде әртүрлі күзет жүйелерінде қолдануына анализ жасалды. GSM арналарын қолданатын қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс істеуіне анализ жасалып, ондағы шифрлау, бөгеуілге тұрақтылық пен бөгеуілден қорғану принциптері қарастырылды.

GSM арналарын күзет жүйелерінде қолдануға байланысты бірнеше негізгі принциптер мен нұсқаулар берілді. GSM желілерінің дамуына негізгі жолдар көрсетілді.

Жеке алынған базалық станцияның жабын аумағының бір мүмкін есебі берілді.

Аннотация
В дипломной работе проводится сравнение различных беспроводных технологий, детально рассмотрен принцип построения GSM-канала в системах охраны, GSM сравнивается с другими беспроводными технологиями.

Проведен обзор нескольких основных беспроводных систем охраны, на их примере был проведен анализ его использования в различных системах охраны. Проведен анализ функционирования систем безопасности, использующих GSM каналы, рассмотрены принцип шифрования, помехоустойчивость и помехозащищенность в GSM-канале.

Сформулированы несколько основных принципов и рекомендаций по использованию GSM-канала в системах охраны. Обозначены основные пути развития сетей GSM.

Представлен один из возможных вариантов расчета зоны покрытия отдельно взятой базовой станции.

Реферат
Дипломдық жұмыс 82 бет, 8 сурет, 4 кесте, 27 әдебиет көзінен түрады.

Сөздің тіркестері: (Mobіle Statіons) MS, TCP/ІP-Қосу, бөгеуілге шыдамдылық, қорғалғандық, (Tіme Dіvіsіon Multіple Access) TDMA (Operatіons and Maіntenance Centre) Омс (Global System for Mobіle Communіcatіons ) GSM, (Dual-Tone Multі-Frequency) DTMF, ContactІD, (General Packet Radіo Servіce) GPRS, (Enһanced Data rates for GSM Evolutіon) EDGE, SMS, LAN/WAN, (Mobіle Swіtcһіng Centre) MSC, LAN/WAN, (Mobіle Swіtcһіng Centre ) MSC (Base Statіon System) BSS.

Талдаудың объекті күзет жүйелеріндегі GSM-арнаның қолдануы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: GSM-арнаны қолдануын талдау, олардың қолдануы бойынша ұсыныстарды өңдеу.

Осы дипломдық жұмыста қауіпсіздік жүйелеріндегі GSM-каналдың қолдануының артықшылығы мен кемшіліктері, мүмкін болатын GSM технологияларының даму жолдары, басқа байланыс арналарымен салыстыру, олардың өзара әрекеттесу мүмкіндіктері қарастырылған.

Өткізілген талдау негізінде қауіпсіздік жүйелеріндегі GSM-арнаны қолдану және ұсыну бойынша негізгі қағидалар құрылды.


Кіріспе
Қазіргі таңда күзет пен өрт сигнализациясының жабдығы пен қызмет нарығы тез қарқынмен өсіп келеді. Алайда қазіргі уақытқа дейін олардың негізгі кемшілігі болып олардың сымды телефон желілерін қолдануы болды. Осындай жүйелердің негізгі кемшіліктеріне олардың қалалық телефон тораптарының жұмыс істеу тұрақсыздығын, төмен физикалық қорғануын, телефондалмаған объектілерді күзетудің мүмкін еместігін жатқызуға болады. Сондықтан “сымды күзет жүйелеріне” сенімді балама ретінде жаңа “радиоарналық күзет жүйелері” атты бағыт пайда болды.

Радиоарналық күзет жүйелерінің артықшылықтары айқынды:

Ұялы байланыстың барлық жерде кең тарауы күзет жүйелеріне де өз септігін тигізіп қойған жоқ емес. Ұялы байланыс операторларының қолданысқа беретін мүмкіндіктері күзет жүйелерінде өз қолданысын тезірек пайдалануда. Тағы көретініміз, GSM арналар өз дамуының шегіне жеткен жоқ. Қазіргі таңда GSM негізінде құрылған сымсыз күзет жүйелері төмен баға, орнатуы мен қолданысқа беруі тез әрі жеңіл болғандықтан кең қолданыс тапты. GSM-900/1800 ұялы желі стандарты байланыстың жақсы сапасын ұйымдастырып, Ресей мен ТМД елдерінде қолданыс тапқан.

GSM-арнасын қолданатын жүйелер кез келген объектілерді, соның ішінде телефондалмаған объектілерді күзетуге мүмкіндік береді. GSM арнасын қолданғанда ретрансляторларды құруға қажет жоқ – GSM-операторлардың дайын ретрансляторлары қолданылады. Соның салдарынан GSM-оперторлары берік істейтін аумақта орналасқан объектілердің бәрінде кез келгеніне күзет орнатуға болады. GSM – арнасында келешекте жаңа протоколдар мен арнайы корпоративті клиенттерге арналған, ақпаратты мәліметті таратудың виртуальді желілері - 3G желілерін қолдануға мүмкіндік бар. Алайда осындай жүйелердің негізгі кемшілігіне бөгеуілге қорғанысы төменділігі жатады. GSM-арнасын басу жеңіл екені құпия емес. “GSM басушылар” бүгін еркін сатылуда, GSM желісінің жұмысы да жоғары сенімділікпен ерекшеленбейді және ол кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Бірақ ақырғы технологиялық құрулар GSM-арнасын бөгеуілге қорғанысын жоғарылату үшін жиілікті тез өзгерту арқылы толығымен басқаруға мүмкіндік береді. GSM-арнасын сымды немесе басқа радиоарналық жүйелермен бірге қолдану әсерлірек болады. GSM-жүйелердің ең үлкен артықшылығы – клиент өзі өз объектін жағдайын және күзетін басқара алуы .

  1. Қауіпсіздік жүйелердің қазіргі жағдайы




    1. Әр түрлі байланыс арнасын қолдану жағынан қауіпсіздік жүйелерінің даму беталысы.

Қазір күзет қызметінің әлемдік тәжірибесінде техникалық құралдардың ролін күшейтуге беталыс берік орнады. Бұл беталыс кездейсоқ емес: жеке және мүлік қауіпсіздік саласында болған зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей техникалық құралдарды кеңінен қолдану күзет жүйесіндегі ең әлсіз буын болып табылатын адамның ролін азайтуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, техникалық құралдармен қауіпсіздік орнату тұтынушыға арзан және сенімді болып келеді. Әлемдік тәжірибе бойынша ең әсерлі және экономикалық жағдайдан тиімді болып орталықтандырылған күзет болып табылады. Оның мәні келесіде – территориялды объекттерде орналасқан техникалық құралдардан түскен ақпарат орталық пультке түседі. Онда сол ақпаратты автоматты түрде анализдеп, жағдайға байланысты миллицияға немесе техникалық қызметке өтінім түседі.

Орталықтандырылған күзеттің техникалық негізін орталықтандырылған бақылау жүйелері (ОБЖ) құрайды.

Шетелде және бізде ең кең қолданысты телефондық желіні байланыс арнасы ретінде пайдаланатын ОБЖ тапты. Себебі түсінікті. Осындай жүйелердің құрылғылары арзан, әрі барлық жерде телефон қолданғандықтан оған кез келген объектіні қосуға мүмкіндік бар.

90-жылдардың ортасында ОБЖ құрып жатқанда негізгі назар келесіге аударылды:
  1   2   3   4   5   6   7   8


Учебный материал
© bib.convdocs.org
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации