Дипломный проект - Проектирование ВОЛС на участке Актобе-Уральск - на казахском языке - файл n1.doc

Дипломный проект - Проектирование ВОЛС на участке Актобе-Уральск - на казахском языке
скачать (3201.4 kb.)
Доступные файлы (1):
n1.doc4114kb.01.06.2011 11:41скачать

n1.doc

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 9

1.1 Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі 10

1.2 Қызмет көрсетілетін пункттердің сипаттамасы 11

1.3 Қазіргі байланыс желісінің сипаттамасы 12

1.4 Кабелдік тарату желісінің жолы 13

2.ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ 14

2.1 Таңдалынған тарату жүйесінің сипаттамасы және техникалық мәліметтері 14

2.2 Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы 17

2.3 Оптикалық кабель түрін таңдау 22

2.5 Жобаланатын желі топологиясы 27

2.6 STM-16 құрылу тәсілін таңдау 28

2.7 Желі синхронизациясы 28

2.8 Синхронды ағындарды қорғаудың функционалды тәсілдері 30

3.ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 32

3.1 Арналар санын есептеу 32

3.2 Оптикалық кабельдің шығындары 35

3.3 Регенерация бөлігінің ұзындығын есептеу 37

3.4 Дисперсия мен өшулікті кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 38

3.4.1 Дисперсия кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 38

3.4.2 Өшулік кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 40

3.5 ТОБЛ тезәрекеттілігін есептеу 41

3.7 Оптикалық кабельдің параметрін есептеу 43

3.7.2 Дисперсияны есептеу 48

4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 54

4.1 Автозалдағы жасанды жарықтандырудың есебі 54

Осы талаптардың негізінде ЭЕМ операторының еңбек орнының жалпы жарықтандыру жүйесінің есептеуін жүргіземіз. Есептеуді жарық ағыныны бойынша жүргіземіз, осылайша құжаттың жарықтануының берілген мәні 500 лк деп аламыз. 60

Нормалы минималды жарықтандыру келесі формула бойынша анықталады (4.7): 60

5. БИЗНЕС ЖОСПАР 67

5.1 Түйін 67

5.2 Компания және сала 67

5.3 Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 68

5.4 Өтім нарығын талдау және қызметтер нарығын зерттеу 68

5.5 Менеджмент 68

5.6 Маркетингті стратегия (бағдарлама) 69

5.7 Өндірістік жоспар 69

250 км аралықта ТОБЛ салу үшін салушы кәсіпорынға қосымша техникалық қондырғылар және қаржы қажет. ТОБЛ жобасына жұмсалатын қаржы көлемін анықтау үшін: 69

5.8 Қаржылық жоспар 71

122754500. тг. 71

Станциялық қондырғыларға (стойка, мультиплексорлармен қамдандырылған) 71

Қосымша шығындар 71

493232,49 мың.тг кредит алуға тура келеді, жылына 10%. 71

Kвл= 496000 мың 71

5.9 Жұмыскерлер штатының есебі 71

5.10 Байланыс құралдарын эксплуатациялауға кететін шығындар: 73

5.11 Жобаның кірістік және тиімділік есептеулері 76

ҚОРТЫНДЫ 78

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 80

КІРІСПЕ




Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.

Бұл дипломдық жұмыста Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасындағы тарату жүйесін ТОБЛ арқылы ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасында РРБ желісінің «SRA-L SIEMENS» жабдығы қолданылады. 444,7 километрлік ара қашықтықта 2 соңғы радиорелейлік станция (СРС), бірі облыс орталығы Орал қаласында, екіншісі облыс орталығы Ақтөбеде, 11 аралық радиорелейлік станция (АРС), 5 аралық радиорелейлік станция (АРСВ) қолданылады. «SRA-L SIEMENS» жүйесінің стволы ЧМ түрлнуін уақыттық тығыздаумен ТЖ -ті 120 канал ұйымдастыра алады. Радиорелейлік тарату жүйесі екі аралықта 300 ТФ каналын ұйымдастыруда. Екі аралықта ТОБЛ-ын республикалық темір жолы бойында орналасқан Ақсай, Шыңғырлау, Орынбор облысының Соль-Илецк қаласы, Жайсан елдімекені арқылы жүргізген дұрыс. Дәл қазіргі жағдайда Орал 248 мың тұрғын,Ақтөбеде 256 мыңнан аса тұрғын бар, сондықтан, SDH тарату жүйесінің STM-16 синхронды транспортты модульін және бірмодалы талшықты оптикалық ОКМТ кабелін аламыз.

1.ТАҢДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ


1.1 Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі



Қазіргі байланыс телекммуникациясының жағдайы осы аймақтың экономикалық дамуының келеңсіз жағдайларының бірі. Қазіргі жұмыс жасайтын желінің сапасы өте төмен. Осы аймақтағы желінің негізгі кемшіліктерінің бірі ол: төмен өткізу қабілеттігі, бөгеуілдерден қорғанушылығының төмендігі, техника қауіпсіздігінің нашарлығы. Сондықтан телекоммуникация желісінің дамуы осы аймақтағы абоненттер желісінің байланыс аумағын кеңейтіп, мәдени және халықаралық қатынастарының дамуына септігін тигізуі мүмкін. Қазір бұл аймақта радиорелейлік байланыс (РРБ) қолданылуда. РРБ желісі коаксиалды және талшықты оптикалық магистралдық байланыс кабелдері тәрізді жүздеген телефондық және телевизиялық хабарларды таратуға арналған.

Жерасты кабелдерімен салыстырғандағы РРБ желісінің артықшылықтары: жерасты кабелдеріне қатыстысы:

-Техникалық қалыптастыруы және жерасты, суасты кабелдерін төсеу жұмыстары кезіндегі экономикалық қиыншылықтары;

-Бұзылу ықтималдығының төмендігі және оларды тауып, жөндеу кезіндегі аз қиыншылықтар;

-Басқа тұсқа тарату кезіндегі жерасты кабелдері секілді қазу жұмыстарының керексіздігі;

Кабелмен салыстырғандағы РРБ кемшіліктері – радиотолқындардың ашық жазықта таралуы және барлық техникалық қондырғыларының ашық жерлерде орналасуы. Мұндай жағдай техникалық аспаптардың жылдам істен шығуын және таралатын ақпараттардың көп бөгеулерге ұшырауын туғызады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – тұрғындарды жоғары сапалы цифрлық байланыспен қамтамасыздандыру. Басқа дамыған мемлекеттер тәрізді Қазақстанда да ақпараттарды цифрлық тарату жүйесін талшықты оптикалық байланыс желісін қолдану арқылы жетілдіру.

Қазіргі заманғы рыноктық экономика жағдайында байланыс желілерін түбегейлі өзгерту қажет болуда. Қазіргі қолданыстағы РРБ желілері жоғары жылдамдықты сигналдарды алуда үлкен және техникалық сенімсіз болуда. Ақпараттарды таратуда Цифрлық ағын құраушыларына енгізулер қиындық туғызуда. Қазіргі заманғы біріншілік цифрлық желілерде басқару құрылымы оңай және жеңіл болуы керек. Олар әртүрлі қуаттылықтағы ақпарат ағындарын тарату және қосуды, осы пункттағы ағындарды қосу және бөлуге, және байланысты қолдану уақытының тарификациясын және сапасына терең бақылау орнатуы қажет. Бұл желілер қолданылатын синхронды (Synchronous Transfer Mode, STM) және асинхронды (Asynchronous Transfer Mode, ADM) ақпаратты тарату тәсіліне база болуы қажет.

SDH негізінде тарату жылдамдығының иерархиясы және цифрлық трактыларды түрлендіру жүйесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттағы байланыс желісінің дамуы және құру перспективалық концепциясы жасалды.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында Ресей мемлекетінің оңтүстік аймағы Орынбор облыстарын Қазақстанмен байланыс орнатамын, магистральдық байланысты ұйымдастырымын, тұтынушылардың санын көбейтіп және байланыс саласынан түсетін қаржы көлемін арттырып, интернетке шығу сапасын жоғарлатамын.

1.2 Қызмет көрсетілетін пункттердің сипаттамасы



Дипломдық жұмыстың мақсаты:

-Халықшаруашылық комплексындағы тұрғындардың сұранысына сай телекммуникациялық желіні құру;

-Темір жол бойындағы станцияларды ТОБЛ қамту;.

-Шекарашылылардың байланыс жүйеісің дамыту;

- Қазақсан мен Ресейді ТОБЛ-і арқылы байланыс жүйісімен қосу;

-Көрсетілген тұрғылықты елдімекендер арасында әртүрлі хабарларды тарататын сапалы байланыс ұйымдастыру.

-Таңдалған елдімекендер арасында байланыс орнату. Таңдалған пункттар арсындағы байланысқа деген сұраныс біріншіден тұрғындар санына байланысты. Сонымен бірге елдімекендердің байланысқа деген сұранысы олардың экономикалық, мәдени және әлеуметтік тұрмыстық қатынастарына байланысты.

Таңдалған елдімекендерге қысқаша сипаттама келтірейік.

Орал қаласы: Қазіргі жағдайда Орал қаласында бір 248 мың халық тұрады. Халықтың басым көпшілігі мемлекеттік жұмыста жасайды. Мұнда орыс, татар, шешен ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Орал Зинет зауыты. Негізгі саудаға шығаратыны кеме т.б техникаларды шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз кеме шығаратын зауыт.

Ақсай қаласы: Қазіргі халқының саны 48,5 мыңға жуық, Қазақстандағы ГАЗ жаңғыш затын шығаратын халықаралық компаниялардың орталығы. Халқының басым бөлігі шетелдік компанияларда жұмыс істейді.

Шыңғырлау: Халқының саны 13,1 мыңнан асатын сол Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан елдімекен, казіргі кезде Шыңғырлау шекарасы посты орналасқан. Мүндағы халықтың негізгі қазақтар мен орыстар. Айналысатын кәсібі жекеменшік егін шаруашылығы, сонымен қатар мал шаруашылығы. Негігі егетін өнімдері бидай, қауын, қарбыз. Ал мал шаруашылығында қой, жылқы, сиыр, түйе.

Соль-Илецк қаласы: Бұл Ресей мемлекетінің қаласы. Соль-Илецк Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, мұнда үлкен шекара посты орналасқан. Қазіргі халқының саны 50 мыңнан асады. Сонымен қатар егін, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Халықтың біршама бөлігі жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Негізгі тұрғындар орыстар, аздап қазақтарда кездеседі. Егіннің негізгі бөлігін бидай, күнбағыс құрайды. Илецк өзені бойында балық шаруашылығымен де айналысады. Мал шаруашылығында қой, ешкі және ірі қараның барлық түрі бағылады..

Жайсан: Қазақстан мен Ресей шекарасының негізгі посты болып табылады, мұнда халық саны 5 мыңдай. Ауыл халқы негізінен ауыл-шаруашылығы мен айналысады, негізгісі мал шаруашылығы, бау-бақша өсіру мен. Халықтың көп бөлігі жұмыскерлер.

Ақтөбе қаласы: Қазіргі жағдайда Ақтөбе қаласында бір 256 мың халық тұрады. Ақтөбе қаласында зауыттар көп орналасқан, халықтың басым көпшілігі зауыттарда жұмыс жасайды. Мұнда орыс, татар, молдавандар ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Ақтөбе Хром зауыты және де АқтөбеРентген зауыты жұмыс істейді. Негізгі саудаға Ренгтген аппараттары шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз рентген шығаратын зауыт.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Учебный материал
© bib.convdocs.org
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации