Дипломный проект - Организация сети абонентского доступа на участке АТС27 ГТС Талдыкорган - файл n1.doc

Дипломный проект - Организация сети абонентского доступа на участке АТС27 ГТС Талдыкорган
скачать (1441.1 kb.)
Доступные файлы (16):
n1.doc779kb.24.06.2007 05:26скачать
n2.doc100kb.18.06.2007 18:56скачать
n3.doc413kb.24.06.2007 05:02скачать
n4.doc40kb.18.06.2007 19:01скачать
n5.doc500kb.24.06.2007 05:19скачать
n7.doc22kb.18.06.2007 00:52скачать
n8.doc143kb.18.06.2007 19:57скачать
n9.doc30kb.18.06.2007 19:58скачать
n10.xls16kb.18.06.2007 19:18скачать
n11.doc221kb.24.06.2007 05:23скачать
n12.ppt351kb.15.05.2010 09:08скачать
n13.doc82kb.24.06.2007 04:36скачать
n14.doc31kb.18.06.2007 20:09скачать
n15.doc24kb.18.06.2007 19:18скачать
n16.doc23kb.18.06.2007 01:21скачать
n17.doc28kb.18.06.2007 01:21скачать

n1.doc





КІРІСПЕ
Қазіргі кезде байланыстың қызмет ету мамандары телефондық қосылыстар санына байланысты тұтынушылардың үлкен өсімін байқады. Бірақ, шығармалы құрылғылар санының шектеулігіне байланысты кейбір қиыншылықтар туындайды. Қазір байланыс желілері болашақ телекоммуникациялық жүйенің дамуына бөгет жасайды. Соңғы жылдар бойы қатынау желінің рөлі ғана өзгермейді. Көп жағдайда территория кеңейтіледі, оның шекарасында қатынау желісі істелінеді. Қазіргі операторлардың негізгі сәті бұл оптикалық желілердің тұтынушыларға жақындай түсуі. Кеңжолақты қызмет етуде тұтынудың өсуі қатынау желісіне оптикалық технологияларды енгізуді қажет етеді. Базалық желіден қатынау желісіне технологияны жіберуден басқа, сонымен қатар, оптикалық құрылғылардың иілгіштігін және эффективтілігін қолдану негізгі концепция болып табылады.

Қатынаудың жоғарыжылдамдықты жүйесі абоненттер мен бизнес тұтынушылары үшін қазіргі кездегі және болашақта күтілетін қызмет етудің толық диапазонымен қамтмасыз ете алушы еді. Әртүрлі қызметтер қатынау желілеріне биттік жылдамдықтарды, тура және кері бағыттағы ақпарат ағын-дарының симметрия/ассимметриясын, қатынау желілерінің өзара-қосы-лыс-тарын т.с.с. талап етеді.

Қазіргі кезде ең жақсы әдіс ретінде қатынау желілерін бөліктеп немесе толығымен талшықты-оптикалық кабельмен құру болып табылады. Олар Қазақстандағы дамуының күтілетін бағытына және барлық талаптарға сәйкес келеді. Талшықты-оптикалық кабельден құралған қатынау желісінің техно-логиялары 40км дейін жететін жоғарғыжолақты қызметтермен қамтамасыз ете алады.

Тарихи түрде келесідей қалыптасқан: қазіргі электробайланыс желілері және олардың транспорттық жүйеастылары тар мамандандырумен сипат-талады. Әрбір қызмет түріне қарай тұтынушы әр түрлі желілерді қолдану керек. Бұл құбылыстың маңызды нәтижесі болып бөлінген желілердің үлкен санының бар болуы табылады. Олардың әрқайсысы жасап шығарудың, өндірудің және техникалық қызметтердің бөлек этаптарын талап етеді.

Коммуникациялар, компьютерлік және цифрлық жіберу технологияларының интенсивті дамуы абоненттердің берілетін қызметтердің сапасы мен санына байланысты сұраныстар сипатының өзгеруіне әкелді. Талшықты-оптикалық жүйелер аумағындағы жетістіктер, қашықтық-трасса туындысының бағасының тұрақты төмендеуімен қатар жыл сайын екі есе өсу маңызды факторлар болып табылады. Олар қатынау желілерінде кең қолдануының мүмкіншілігін анықтайды.

Бұл дипломдық жобаның мақсаты Талдықорған қаласындағы АТС-27 абоненттік учаскісінде абоненттік қатынауды жобалауға анализ жасау болып табылады. Мысты желінің сапасына баға беру керек болады, өйткені кейбір ескілеу мысты кабельдер телефондық трафик үшін де жарамайды. Кейбір учаскідегі толығымен бос болмаған канализация жүйесі жаңа сұраныс үшін кеңейтуге кететін үлкен шығынды талап етеді.

1 ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖЕЛІНІҢ АНАЛИЗІ

1.1 Талдықорған қаласының телекоммуникациялық желісінің анализі
Облыстық орталықтың Алматыдан Талдықорғанға ауысуы қала экономикасының қарқынды дамуының катализаторы болып есептеледі. Қаланың статистикалық мекемесінен алынған ақпарат бойынша облыстық орталығының орнын ауытыру күнінен бастап өндірістік өндірудің ауданы 112%-ке өсті. 86 мемлекеттік басқаруларды орнату үшін 32 әкімшілік құрылыстар қайта өңделген. 1157 пәтері бар 19 көпэтажды үйлер салынуға енгізілген, оның ішінде 259 пәтері бар аяғына дейін салынбаған 6 көпэтажды үйлер салынды және 898 пәтері бар 13 үй өңделді. Кәсіби белсенділік үшін қалада жасалынған қолайлы ауа райы шағын және орта кәсіпкерліктің 172 %-ке өсуіне әкелді. 2006 жылдың 1 қаңтар мәліметтері бойынша 1997 бас-қа-ру-шы субъектері (заңды тұлғалардың), оның ішінде жұмыс істеуде – 1653, со-ның ішінде шағын заңды тұлғалар-1494.

Талдықорған инвестициялық танымалдықты одан-сайын алып жатыр. Инвестициялар ауданы өсіп жатыр. Осы уақытта барлығы 16,8 млрд. теңге игерілді. Оның үлкен бөлігі құрылыс секторына кіреді. Белсенді, әрі жаңа құрылудағы облыстық орталық үшін бұл өте көкейтесті. Арнайы түрде құры-лыс секторына отандық және шетелдік инвесторлардың көңілін тарту үшін қалада тұрғын үйді сатып алу мен кредиттік құрылыс системасымен облыстық центрді салудың басты жобасы қабылданды. Құрылысты Қазақ-стан және Түркия компаниялары жүргізуде. Халық саны 135 мыңға дейін жетті, ал 2001 жылы ол 117 мыңға тең болды.

Қала желісінде алтытаңбалы нумерация пайдаланады. Абоненттерді телефондық станцияға қосу таратқыш қорап (ТҚ) немесе таратқыш шкаф арқылы іске асады. Шкафтардың сыйымдылығы аз кабельдер (100-50 жұп) шығып, сыйымдылығы 10х2 тең қораптарға қосылады. Мұндай кабельдер және оларға байланысты сызықты құралдар таратқыш желіні құрайды. Р.қораптардан абоненттердің телефондық аппараттарына біржұпты кабельдер салынады.

Абоненттік қатынау жүйесі Талдықорған қаласының АТС–27-де жобаланып жатыр. АТС–27 қаланың орталығында орналасқан және ол пәтердік пен іскер сеторының абоненттеріне қызмет етеді. Талдықорған қаласындағы қалалық желі сегіз ЭАТС-тан тұрады. STM-1 жүйесінің негізінде SDH сақинасына біріктірілген барлық станциялардың жалпы сыйымдылығы 32084 нөмірлерді құрады. 31426 нөмір іске асуда.


Кесте 1.1-Талдықорған желісі бойынша мәліметтер

Жұмыс істеудегі АТС

Монтаждалған сыйымд.

Әрекеттелген сыйымдылық

Бос сыйымд.

Әрекеттену дәрежесі

DRX-75

528

525

3

99%

HOST

11008

10 937

71

99%

RS-22

4064

4 037

27

99%

RSE-23

1504

1 498

6

100%

RSE-25

6 080

6 069

11

100%

RSE-229

992

970

22

98%

RSE-26

3 008

2 733

275

91%

DMS-27

4900

4038

862

83%

Барлығы

32084

31426

658

97%


Әрекеттелген сыйымдылық 4038 абонент.Құралдар түрі DMS – 100/200.

Интернеттің кеңтүрде дамуына және ақпаратты жіберу қызметіне үлкен сұраныстың болуы желінің өткізу қабілетінің өсуіне әкелді. Осыған байланысты ескірген мыс кабелін отикоталшықты кабельге ауыстырып, абоненттік қатынау желісін құру дұрыс болады.

Талдықорғанның қаласының САБ ұйымдастыру сұлбасы 1.1 суретте көрсетілген.

Таратқыш қораптар АТС-ке жөндеуді талап етіліп тұрған мысты кабель көмегімен қосылған. Қалада броньдалмаған кабельдер құбырлар мен кабельді құдықтардан құралған арнайы кабельді канализацияда салынады.

АТС-27 үшін шкафты аудандар сұлбасы 1.2 суретте көрсетілген.

АҚЖ дегеніміз бұл АТС-ке тура немесе шығарылмалы модуль (концентратор, мультиплексор) арқылы қосылған линиялар мен құрылғылар жиынтығы. Оның құрылымы 2.1 суретте көрсетілгендей абоненттік және магистральды линиялардан, тура қоректену зонасынан, үлестіргіш учаскісінен тұрады


Сурет 1.1- Талдықорған қаласының САБ ұйымдастырылу сұлбасы



Сурет 1.2 - АТС-27 үшін шкафты аудандар сұлбасы

1.2 Қатынау желілерін жетілдірудің қажеттілігі
Пайдаланатын қатынау желілерін жетілдіруіне байланысты актуальды қиыншылықтар үш негізгі фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, көбінесе АЛ-да пайдаланатын қарапайып сипаттамалар телефондық пен басқа (көбінесе дискретті) ақпаратты жіберудің сапасына және байланыс сенімділігіне қойылатын қазіргі талаптарды қамтамасыз ете алмайды. Екіншіден, қатынау желілерінің жұмысқабілеттілігін қолдау үшін қажетті операторлардың эксплуатация шығындары өсіп жатыр. Үшіншіден, қазіргі қатынау желілері (бұл өте маңызды) инфокоммуникационды қызметтердің жаңа түрлерін енгізу процессі үшін «тар алқым» болып табылады. Мұндай инфо-коммуникационды қызметтер отандық және шетелдік мамандарымен жасалынған ЖҚДТЖ ақпарат жіберу сапасының жоғары көрсеткіштерінің, қызмет етуінен бас тартудың және АЛ өткізу қабілеттілігінің кеңеюіне бағдарланған. Яғни байланыс сенімділігін жоғарлату мен ақпаратты өткізу сапасының проблемаларын қатынау желінің деңгейінде шешу керек. Жо-ғарыда көрсетілген факторлардың екіншісі - қатынау желісіне техникалық қызмет етуімен байланысты операторлардың шығынының өсуі.

Аналогты ЖҚДТЖ – та мұндай шығындар негізгі болып келеді. Цифр-лық коммутациялық станцияларды пайдалану станциондық құрал-дарына техникалық қызмет етуіне байланысты эксплуатациялық шығын-дарды төмендетеді. Сонымен қатар, бұл шығындардың көлемі цифрлық коммута-циялық станциялардың сыйымдылығына аз тәуелді. Нәтижесінде, қатынау желісіне келетін эксплуатациялық шығындардың үлесі ЖҚДТЖ – ты цифрлау кезінде өседі. Демек барлық электробайланыс техникалық бар-лық құралдарына қызмет ету шығындарын төмендету үшін қатынау желі-лерін жетілдіру қажет. Және де жетілдіру қатынау желілерін құру үшін пайда-ланатын техникалық және азаматтық құралдарының еңбек-сыйымдылығын төмендете отырып жүру керек. Қатынау желілерін жетіл-діруіне себеп бола-тын үшінші фактор бұл – кейбір жаңа инфо-коммуникациялық қызметтерге сұраныстың қалыптасуы. Ең біріншіден, қатынау желісінің өткізу қабілеттілігінің кеңеюіне бағдарланған қызметтер түрлері туралы әңгіме қозғалуда. Кейбір жағдайларда жоғары өткізу қабі-летіне қарағанда ақпаратты жіберу сапасының көрсеткіштері маңызды болады. Егер де қатынау желілерін жетілдірмесек, оператор өзінің рыногінің болашағын тек ЖҚДТЖ және модем көмегімен АТ қызметтерімен шектейді (келесі шарт орындалғанда-ақпаратты айырбастау сапасы абоненттер деңгейінде жүрсе). Бұл жағдайда уақыт бөлігіндегі [T1, T2] оператордың потенциалды пайдасы екі есе азаяды. Интервал өлшемі [T1, T2] әр түрлі операторлар үшін кең шек-тер аралығында өзгере алады. Орта шамасында, Ресейде бұл интервалдың көлемі он жыл құрайды, бірақ потенциалды пайданың 80% төмендеуін екі-үш жылдың ішінде күтуге болады (2003 жылдан санайтын болсақ).

Маңызды көлемде байланыс операторлардың тұрақты экономикалық жағдайы қатынау желісінде өткізу жолағының кеңеюін талап ететін инфо-коммуникациондық u1091 қызметтерін қолдау қабілеттілігімен анықталады. Яғни тек қатынау желісін жетілдіру ғана жаңа электробайланыс қыз-мет-терінің рыногында операторлардың белсенді ойынның мүмкіндігіне кепілдік береді. Барлық үш фактор қатынау желісін сапалы түрде жетілдіру ак-туальділігін куәландырады. Сонымен бірге, қатынау желісін жетілдірудің ұзақмерзімді болашағын, сол сияқты ағымдағы проблемалар да – теле-коммуникациондық жүйенің бұл фрагментіне эксплуатационды, әрі капиталды шығынды төмендету қажеттілігін ескеру керек.
1.3 Абоненттік қатынау желісін құрудың мақсатқа сай болуы
Маркетингті анализ

S –күшті жақ, ҚТС қызметтеріндегі монополия, телекоммуникация қызметтерінің рыногындағы репутация.

W –әлсіз жақ, реклама және қызметтердің өтуінің шығындарының төмен болуы, Интернет қызметіне жоғары тарифтер, интеллектуалды желілер, сөйлеудің бағасының уақытты есеп жүйесіне өту.

O –мүмкіндіктер, облыста экономикалық жағдайды жақсаоту, Интернет қызметінің жаңа қолданушылардың пайда болуы, ҚҚК(ДВО).

T –қатерлер, жалпы экономикалық түсім, ҚТС

бойынша бәсекелестердің пайда болуы, бәсекелестердің белсенділігі (Интернет, IP–телефония).

Маркетингтік жоспар

Өнімдері: жергілікті телекоммуникациялық желілердің қызметтері, қалааралық және халықаралық сөйлесулерді беру, телеграфты байланыс, ақпаратты жіберу желілерінің қызметтері, интеллектуалды желілер қызметтері, әмбебап таксафондар.

Жылжу: телекоммуникация қызметтерінің жылжу радио, телевидение, жарнама көмегімен іске асады.
1.4 Тапсырма қойылымы
АТС-ке қосылған мысты кабельдің үлкен бөлігін ауыстыру қажеттілгі бар, өйткені оларда оңашалау кедергісінің параметрлері төмендетілген, кабельде көптеген зақымдар бар және де олар жөндеуді талап етеді, ақпаратты жіберудің жоғарыжылдамдығын қолдамайды.

Сол сияқты Интернетті пайдалану кезінде телефондық линиялар көп уақыт бойы босатылмайды. Себебі кабельді құрылғылардың жаман қалпы кесірінен коммутацияланатын телефондық линиялар бойынша ақпаратты жіберу жылдамдығы төмен болады. Өте көп 56 Кбит/с есептелген V.90 жаңа модемдерді пайдаланса да төменжылдамдықты телефондық арналарда артық жүк пайда болады. Ал жіберудің төмен жылдамдығы арнаның бос болмауын үлкейтеді, ол да артық жүкке әкеледі.

Абоненттік линиялардың бос болмауы, ескі мыс кабельдерін ауыстыр-уға кететін шығынды төмендету, абоненттік шкаф пен АТС арасында са-лынған мыс кабелін жөндеуге кететін шығынды азайту үшін эксплуатация мерзімі мыс кабеліне қарағанда үш есе жоғары болатын оптикоталшықты кабель қолданылатын болады. АТС құрылғыларын қолданылмай Интернет провайдеріне барлық ақпараттық сигналдарды бағыттап, тасымалдау трафигінен Интеренет сигналдарын бөлетін құрылғыларды пайдалану АТС құрылғыларына келетін жүктемені азайтады.

Жобада шкафты ауданымен ескерілген сыйымдылыққа байланысты жаңа құрылғыларды орнату мен төмен шығындармен бар канализацияда оп-тикалық кабельді салу қарастырылған.

Дипломдық жобада келесі сұрақтарды қарастыру қажет:


2 АБОНЕНТТІК ҚАТЫНАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 АҚЖ құрудың қазіргі заманғы принципі
Абоненттік қатынау желісін жиі «соңғы шақырым» технологиясы деп атайды. «Соңғы шақырым» термині батысқа қарағанда кейінірек отандық техникалық әдебиеттерде жиі қолданыла бастады. Бүгін оның қарқынды даму кезеңінде отандық байланыс желісінің алдындағы проблемалар жақын арада дүниежүзі операторларды мазалаған. Бұл проблеманы шешу үшін бірнеше жаңа технологиялар шығарылды, олар әрі дамыған,әрі дамылудағы елдердегі абоненттік қосылыстар проблемалардың өткірлігін шешті. Сонымен, бүгін бізде дүниежүзінде тәжірибеден өткен шешімдер бар, оларды пайдалану жақын болашақта Қазақстандағы «соңғы шақырым» проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы қолданудың дәстүрлі телефондық жүйесі (ЖҚДТЖ) дауыс пен ақпаратты тар жиіліктік жолағының (300 – 3400) Гц шектерінде өткізуді рұқсат етеді. Интернет желісінің тез өсуі және оған стандартты аналогты модемдер арқылы ең таралған қатынау ЖҚДТЖ – да артық жүкті шақырады. Өйткені соңғысы Интернетке есептелмеген және де ол байланыс сеансының үлкен орташа уақытымен, телефондық жүктемеге қарағанда үлкен бірқалыпты еместігімен сипатталады. Аналогты модемдерді қамтамасыз ете алатын тасымалдау жылдамдықтар жеткіліксіз.

АҚЖ дегеніміз бұл АТС-ке тура немесе шығарылмалы модуль (концентратор, мультиплексор) арқылы қосылған линиялар мен құрылғылар жиынтығы. Оның құрылымы 2.1 суретте көрсетілгендей абоненттік және магистральды линиялардан, тура қоректену зонасынан, үлестіргіш учаскісінен тұрады.



Сурет 2.1 – ҚТЖ абоненттік қатынауды құрудың сұлбасы

Қазіргі кездегі телефондық байланыста қолданылатын телефондық линиялардың мәліметтерді жіберу жылдамдығы өте төмен. Қажетті жоғары жылдамдығы бар қатынауды тек кеңжолақты технологиялар ғана қамтамасыз ете алады, олар телекоммуникациялық индустрияның болашағы болып келеді. Болашақ телекоммуникациялар әрбір қолданушыға ақпаратты жоғарыжылдамдықпен жіберуге мүмкіндік бере алатынына негізделген.

2.2 Мыс сымды желідегі дәстүрлі аналогтық технологиялардың проблемалары
Бұрынғы Совет Одағының республикаларында сияқты Казақстанда да 90-ға дейін телефондық желі тек АТС-тың аналогты құрылғыларымен және мыс сымды байланыс линияларымен құрылды. Пәтерлік абонент желісімен жасалынатын линияға келетін орташа жүктеме бізде 100 мЭрл тең деп есептелінеді, яғни бір сағат ішінде линия 6 мин бойы бос болмайды деген сөз. Корпоративті клиенттер үшін бұл көрсеткіш жоғарырақ-250 мЭрл, яғни бір сағат ішінде линия 15 мин бойы бос болмайды. Интернетті қолданушыға бұл шама сәйкес келмейді. Интеренет үшін телефондық линияның сағат бойы бос болмауы әдеттегідей болып саналады. Себебі кабельді құрылғылардың жаман қалпы кесірінен коммутацияланатын телефондық линиялар бойынша ақпаратты жіберу жылдамдығы төмен болады. Максимум 56 Кбит/с есептелген V.90 жаңа модедерді пайдаланса да төменжылдамдықты телефондық арналарда артық жүк пайда болады

Жалпықатынаулы арналар байланысының жүкті болуын түсіру шешімі ретінде байланыс операторлары мен үлкен корпоративті қолданушыларының xDSL (Digital Subscriber Line) халықаралық терминімен белгіленетін және қарапайым мысты жұпта ақпаратты бірнеше Мбит/с-қа жететін жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік беретін жаңа өткізгіш қатынау технологияларына өту болып келеді. Starcom, Lucent, ADCTeledata, Fujitsu, Siemens, Alcatel, HuaWei, Zhongxing және сол сияқты т.б. фирмалар АТС құрылғыларынсыз тасымалдау трафигінен Интеренет сигналдарын бөлетін арнайы құрылғыны шығарды. Ол АТС құрылғыларына жүктемені төмендетіп, барлық ақпараттық сигналдардың жиынтығын тура түрде провайдерге бағыттайды.

2.3 АҚЖ-ның дәстүрлі құрылуы

Дәстүрлі жағдайда телефондық аппараттар Z – интерфейсі (интерфейс ab) бойынша мысты жұппен телефондық станцияның (АТС) аналогты порттарына қосылады. Телефондық желінің әрбір абонентіне өзінің абоненттік линиясы керек (сурет 2.2).



Сурет 2.2 - ТА-ның АТС-тың аналогты портына қосылуы
Әрбіреуінде өзінің абоненттік нөмірі бар қосылу кезіндегі екі жақын орналасқан телефондық аппарат (ТА) бір АЛ-ға қосылған. Бөлгіш диодтық тізбек қосылған мұндай абоненттер корпустары бар қосарланған аппараттардың жинақталымының АТС-ке қосылуы арнайы бір вызов келгенде ТА-ны ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бір ТА-мен сөйлесу кезінде, екіншісі жабық диодтар арқылы жалпы линиядан бөлінеді (1.4 сурет). Есептеулер бойынша, АТС-тен 0,3-0,5 км аралығынан бастап қосарланған қосылу өте маңызды болып келеді. Мұндай әдіс кабельдің шығынын азайтады, бірақ абоненттер үшін қолайсыз болып келеді.

Жоғары жиілікті тығыздау жүйесі (ЖТЖ) бір АЛ-дан жиілігі 0,3 – 3,4 кГц тең модуляцияланбаған сигналдан (эффективті сөйлеу спектрі) басқа, тағы бір жоғары жиілікті арнаны алуға мүмкіндік береді. Бұл арна модуляторлар және тасушы жиіліктер арқылы бастапқы сигналдың бірретті түрлендіруімен пайда болады. Жоғары жиілікті арна арқылы ТА-дан АТС-ке тасымалдау үшін 28 кГц жиілікпен, ал АТС-тен ТА-ға 64 кГц-пен жүргізіледі.

2.4 Бар абоненттік линияларын (АЛ) тығыздау
ЦСПАЛ жүйелері телефондық сөйлеуді кодтайтын цифрлық ағындарының уақытты мультиплексиялау арқылы құрылады. Абоненттік станция жинақталымның аналогты сигналы ИКМ мен АДИКМ модуляциялары көмегімен ЦСПАЛ станциялық жартыжинақталымның модулінде цифрлық ағынға түрленеді. Содан кейін индивидуалды цифрлық ағын бір группалық ағынға жиналып, xDSL( IDSL, HDSL, SDSL) технологияларын қолданумен абоненттік линиялар арқылы жіберіледі. Абоненттік жартыжинақталымда кері түрлендіру жүріп, оның шығысына қарапайым телефондық аппараттар қосылады. Рынокта АЛ-ға 2, 8, 10, 11, 15, 30 арнаны жіберетін тығыздау жүйелері көпке танымал. Динамикалық концентрацияны пайдаланғанда, ЦСПАЛ бір линияда 90..120 арнаның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ЦСПАЛ-дың жұмыс істеу принципі 2.3- суретте көрсетілген.


Сурет 2.3 – Абоненттік линияларды тығыздаудың төртарналы аппаратураның жұмыс істеу принципі
Тығыздалатын линиялардың рұқсат етілген ұзындығы 6 км ден кем емес (диаметрі 0.4..0.5мм кабель үшін), бірақ тығыздалатын линиялардың рұқсат етілген ұзындығын үлкейтуді қамтамасыз ететін және құрамына регенераторлар кіретін бірнеше жүйелер бар.


2.5 Қазақстан Республикасының операторлары үшін абоненттік қатынауды құрудың тапсырмасы
Біздің ойымызша, Қазақстанның байланыс операторына сай келетін абоненттік қатынауды құрудың тапсырмасын қояйық.

Құралдарды қолданудың шарттары


Кесте 2.1 – Абоненттік қатынау технологияларының сапалы салыстыруы

Параметрі

МАЛ

ОТБЛ

қолдану

Радиоқатынау

Мыс сым

Бағасы

Төмен

Орташа

Жоғары

Орташа

Жаю жылдамдығы

Жоғары (1 күн)

Төмен (2..12 мес.)

Орташа (2..4 мес.)

Төмен (2..12 мес.)

Қызметке кететін шығын

Төмен

Төмен

Төмен

Жоғары

Иілгіштік (өткізу жолағы)

Орташа (2Мбит/с дейін)

Жоғары (155 Мбит/с дейін және одан жоғ.)

Төмен (әдетте32 кбит/с дейін)

Төмен(аналогты тасымал)


Практикалық тәжірибе көрсеткендей, Қазақстандағы операторлардың көбісі дәстүрлі мыс кабельді шешімді таңдайды. Осы кезде шетелдегі жағдай мүлдем керісінше ОТБЛ көп қолданады. Сондықтан Қазақстанда да ОТБЛ-ге көшу мүмкіндігі бар.

АТС-пен алыстатылған бірліктерді біріктіру үшін көліктік орта ретінде талшықты оптикалық кабельді пайдаланатын абоненттік қатынау жүйе-лерінде мұндай кемшіліктер жоқ. Қайта құру желілері эксплуатация шығын-дарын төмендетіп, істелінген салуларды сақтайды.

Абоненттік қатынау жүйелерін дұрыс таңдау үшін арнайы құрылғыларды таңдау керек. Осы кезде келесі принциптерді сақтау керек:



2.6 Қатынау желілерінің модернизация принциптері
2.6-суретте Халықаралық Электробайланыс Одағының (ХЭО) Y серия-сының рекомендациясынан алынған инфокоммуникационды жүйелердің моделі көрсетілген.


Сурет 2.6 - ХЭО берген инфокоммуникационды жүйелердің моделі



Бірінші жағдайда "Қатынау желісін" екісымды физикалық тізбек болып келетін абоненттік линия істейді.

Екінші жағдайда қатынау желісінің (бар электробайланыс жүйесі) құрамына кіру керек: УАТС ты жергілікті телефондық желіге қосу үшін E1 цифрлық тракты, CP/IP протокол стегін қолдайтын цифрлық тракт; Internet локальды желісіне қосылу; телефондық байланыстың желілерінде немесе Internet те пайдаланбайтын арендалық линиялар.

«Транзиттік желі» де әр түрлі техникалық құрылғылардан тұрады. Ең біріншіден, ЖҚДТЖ туралы әңгіме шешім қабылдануда. Ал екінші жағдайда бұл элемент екі коммутацияланатын желілерден тұрады: ЖҚДТЖ және Интернет. Транзиттік желінің "Өлшемдер" байланыс түрінен тәуелді. Халықаралық байланыс үшін станцияішті байланыс үшін транзиттік желі құрамына ААТС-тан басқа автоматты халықаралық телефондық станциялар (АХТС) және халықаралық коммутация центрі (ХКЦ) кіреді. «Қызметтерді қолдау құралдары» сөз тіркесі өзінің функционалды мүмкіншіліктері бойынша айырылатын құралдарға жатады. Ең қарапайым мысал ретінде автоинформатор, ал ең қиыны ретінде қазіргі заманғы Контакт центрі саналады. Қатынау желісінің негізгі мәні – оператордың потенциалды клиенттердің бөлмелерінде орналасқан барлық түрлі құрылғылар мен сәйкес транзиттік желілер арасында сенімді және сапалы байланыс орнату.

Мұндай ойлар, практикалық тұрғыдан қарағанда, екі қорытындыға әкеледі:

Яғни инфокоммуникациондық жүйе үшін дамудың қолайлы NGN концепциясы болса, онда қатынау желісі пост- NGN эраның талаптарына сай болу керек. Қойылған мақсаттың негізгі шешімі:

2.6.1 Пайдаланатын технологиялар

Қатынау желісін құру үшін көпжұпты кабельдерді (ҚТС- те) және ауа тізбектерін қолдану аяқталды. Қатынау желісің модернизациясы үшін операторға әр түрлі технологияла бар. Оның классификациясы сурет 2.7 көр-сетілген.



Сурет 2.7 – Қатынау желілерінде қолданылатын технологиялар классификациясы

Барлық технологиялар түрлерін үшке бөлуге болады: сымды (wireline), сымсыз (wireless) и комбинацияланған (mixed). Сымды электробайланыс құралдарын пайдалануға негізделген технологияларды үшке бөлуге болады. Бірінші класс FTTx тобын құратын оптикоталшықты ОТ кабельдерді қолданудың варианттарын құрайды. Яғни ОТ кабель бұл жоба үшін опти-малды шешімді беретін "x" нүктесіне жеткізіледі. "x" символы ретінде "C" (таратқыш шкаф), "R" (функцияларын концентратор орындайтын алыс-татылған модуль), "H" (тұрғын үй), "B" (административті немесе өндірістік құрылыс) және т.б. Сонымен қатар, сыды құралдарға кабельді телевидение операторларымен КТО салынған қатынау желілері мен электротасымалдау линияларына негізделген жаңа технология да жатады. Сымсыз электро-байланысқа негізделген негізгі технологияларыды да үш топқа бөлуге болады. Классикалық сымсыз технологиялар радиобайланыс құралдарымен көрсетілген.

Учебный материал
© bib.convdocs.org
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации