Дипломная работа - Реконструкция центральной станции района на базе DRX-4 - на казахском языке - файл n1.doc

Дипломная работа - Реконструкция центральной станции района на базе DRX-4 - на казахском языке
скачать (163 kb.)
Доступные файлы (1):
n1.doc910kb.05.02.2010 10:29скачать

n1.doc

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қысқаша мазмұны



Бұл диплдомдық жобада Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылынының ауылдық телефон желісінің жетілдірілуі іске асырамын. Жетілдіру нәтижесінде қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған орталық координаттық станция, сандық DRX – 4 коммутациялық жүйесімен ауыстыру керек. Орталық станцияның мұндай ауыстырылуы координаттық станцияның моральды жәнеде физикалық тұрғадан тозуымен, жоғарғы қарқынмен өсіп келе жатқан абоненттерге қазіргі заман талаптарына сай телефондық қызметтерді көрсете алмауымен байланысты. Сонымен қатар бұл жобада телефондық жүктеменің екпінділігі, жүктеменің кірісі мен шығысы және құрылғылардың көлемі есептеледі.

Экономикалық бөлімде осы жобаға бизнес жоспар құрылады. Бизнес жоспарда орнатылатын жаңа сандық станция жұмысының экономикалық тиімді параметрлері есептелген. Сонымен қатар жобада адам өмірінің қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды.

АННОТАЦИЯ



В данном дипломнои пректе рассмотрена модернизация сельской телефонной сети в селе Егиндыбулак, Карагандинской области. В результате модернизации центральная координатная телефонная станция была заменена цифровой системой коммутации DRX – 4. Такая замена телефонной станции обьясняется тем что сушествующая центральная станция является морально и физически устаревшим. Вместе с тем в данном проекте были расчитаны все исходящие и входящие нагрузки и был произведен расчет обьема оборудования. А в экономической части дипломного проекте был составлен бизнес план и даказана экономическая эффективность такой замены. Также были рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности.

МАЗМҰНЫ




Кіріспе………………………………………………………………………

1 Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері


1.1 Егіндібұлақ желісін жалпы талдау…………………………..……

1.2 Ауыстырудың қажеттілігі…………………………………………

2 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу және есептің қойылуы

2.1 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу…………………...

2.2 Бақылау платалары……………………………………………….

2.3 Перефериялық платалар………………………………………….

2.4 Төлеу пульсі және қоңырау генераторы / кернеуді түрлендіргіш блогы………………………………………………………………..

2.5 Авариялық сигнализация блогы…………………………………

2.6 DRX – 4 коммутациялық жабдығының негізінен толық сипаттамасы……………………………………………………….

2.7 Нөмірленуі………………………………………………………...

2.8 KEBAN SE5 электрқоректену жүйесі…………………………...

2.9 KEBAN жүйесінің модульдері………………………………......

2.10 Жобаланатын АТС-тің құрылымдық сызбанұсқасын

ойластыры..……………………………………………………

2.11 Есептің қойылуы………………………………………………...

3 Телефондық жүктеменің екпінділігін есептеу


3.1 Пайда болатын жүктемені есептеу………………………………

3.2 Шығыс ағын жүктемесін анықтау……………………………….

3.3 Жүктеменің кіріс ағындарын анықтау…………………………..

3.4 Қалааралық жүктеме……………………………………………...

3.5 Регистрге келіп түсетін жүктемені есептеу……………………..

3.6 АНА – блогына келіп түсетін жүктемені есептеу………………

3.7 ИКМ қосылу жолының кіріс және шығыс санын есептеу…….

3.8 DRX – 4 үшін құрылғылардың көлемін есептеу………………..

4 Адам өмірінің қауіпсіздігі


4.1 Еңбек жағдайының анализі………………………………………

4.2 Бөлмедегі өрт сөндіргіштер санын есептеу……………………..

4.3 Өндіріс ішіндегі ауа алмасуды есептеу…………………………

4.4 КРОСС-тағы жасанды жарықтандыруды есептеу……………..

5 Бизнес жоспар


5.1 Мақсаты…………………………………………………………...

5.2 Күрдей қаржы көлемі…………………………………………….

5.3 Қызмет көрсету…………………………………………………...

5.4 Нарықтық қатынас………………………………………………..

5.5 Маркетинг құрылуы……………………………………………...

5.6 Қаржыландыру……………………………………………………

5.7 Эксплуатациялық шығындар…………………………………….

5.8 Табыс………………………………………………………………

5.9 Экономикалық тиімділік…………………………………………

Қорытынды…...……………………………………………………….…


Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………...

КІРІСПЕ



Қазіргі кезде біздің күнделікті өмірімізді телефондық байланыссыз елестетуіміз мүмкін емес. Телефондық байланыс адамдар арасында ақпарат алмасу құралы ғана емес, ол сонымен қатар өндірістегі еңбек өнімділігі артуының ең негізгі факторы болып табылады. Алшақ орналасқан ауылдық аудандарда телефондық байланыс адам өміріне қауіп төнгенде, денсаулыққа қауіп төнгенде, ең керекті құрал болып табылады. Сондықтан ауылдық жерлерді сенімді, сапалы телефон байланысымен қамтамасыз ету проблемасы қалалық жерлерге қарағанда маңызды болып табылады. Себебі қажет кезде керекті хабарды жеткізудің басқа альтернативті жолы болмауы мүмкін. Бүгінгі таңда ауылдық жерде телефонмен қамту деңгейі қаламен салыстырғанда бірнеше есе төмен болып қалуда. Біріншіден бұл ауылдық телефон желісінің тиімсіздігімен байланысты, мұның негізгі себептері абоненттер тобының АТС ғимаратынан алшақ орналасуы, соның нәтижесінде желіні қажетті деңгейде ұстап тұруға жәнедә дамытуға кететін қаржы көлемі бір жылдық табыстардан бірнеше есе артады, абоненттік топтар санының аздығы, тұрғылықты жерлердегі халық санының өсуін болжаудың қиындығы, жәнеде басқа жайттар. Сондықтан байланыс операторлары ауылдық телефон желісін дамытуға қызығушылық тудырмайды. Бұл жерде айта кететін мәселе ол байланыс құрылғыларының дамуы, ауылдағы шаруашылықтың жалпы дамуына тікелей әсер етеді.

Ќазіргі кезде ауылдыќ телефондыќ байланыстыњ мәселесі ол ќазір ж±мыс істеп т±рѓан моральды жєне физикалыќ тозѓан коммутациялыќ ќ±рылѓылардыњ пайдалануы. Б±л коммутациялыќ ќ±рылѓылар µзініњ ж±мыс істеу мерзімін µтеп болѓандыќтан, пайдаланушыѓа сапалы ќосымша ќызмет кµрсету м‰мкіншілігі болмайды. Ауылдыќ телефондыќ желіні жетілдіру жєне кейіннен дамыту кµп ќаржы бµлуді талап етеді. Б±л ж‰йеде тарификация ж‰йесі жетілдірілмегендіктен м±ндай желіні жетілдіру ќарќыны тµмен болады.

М±ндай желіні жетілдірудіњ ењ тиімді т‰рі ол кµпшілікке ќызмет ететін цифрлыќ желі ќ±ру болып табылады. Б±л болса µз кезегінде пайдаланушыѓа жоѓары сапалы сµйлесу тракітлерін ќ±растыруѓа м±мкіншілік береді. Б±л цифрлыќ арналар арќылы пайдаланушыѓа жоѓары жылдамдыќта деректі аќпаратты беруге м±мкіншілік тудырады. Телефондыќ байланысты м±ндай жетілдіру пайдаланушыѓа жоѓары сапалы ќызмет кµрсетуді ќамтамасыз етеді. Абонент кµп жања ќызметтерге ќол жеткізеді, жєнеде ол осы жања ќызмет кµрсетулерді µзі басќара алады, ол ќызметтерге белгілі бір уаќытта тапсырыс беру, кіріс бойланыс кµрсеткіштерін µзіні ќолайлы етіп µзгерте алады.

Мемлекет экономикасыныњ, атап айтќанда аудан экономикасыныњ дамуымен байланысты, осы ескірген ќ±ралдарды жања коммутациялыќ ќ±рылѓылармен ауыстыру, жєне станциялардыњ сыйымдылыѓын арттыру с±раѓы туады. Ауыл шаруашылыѓыныњ µсуімен, жєне жеке кєсіпкерліктіњ дамуымен байланысты, байланыстыњ жања ќызметтеріне с±раныс артуда. Ќазіргі кезде осындай ауыл шаруашылыќтарында дербес компьютерлер, факстер пайда болуда, келесі с±раќ оларды тиімді, сапалы пайдалану. Ал ескірген коммутациялыќ техникамен байланыс жолдары м±ндай техниканы тиімді пайдалануѓа ќиындыќтар т±ѓызады. Аудандаѓы ењ жања станция 1983 жылы шыѓарылѓан, ал ењ ескіргені 1970 жылы шыѓарылѓан.

1 Егіндібұлақ ауылының телефондық желісін талдау жӘне оның мӘселелері



    1. Егіндібұлақ ауылының телефон желісін жалпы талдау


Егіндібұлақ ауылы - Қарағанды облысында орналасқан.1996 жылға дейін аудан орталығы ретінде саналған. Қазіргі аудан орталығы Қарқаралы ауданы. Облыс орталығы Қарағанды қаласына дейін 360 км. Қазір ауданда бес мың адам тұрады.

Егіндібұлақ телекоммуникациясының аудандық торабы 1975 жылы салынды. Бұл ғимаратта АТС, линиялы - аппараттық зал (ЛАЗ), телеграф және сөйлесу пункті, сонымен бірге басқа административті қызметтер орналасқан. Телекоммуникацияның ауылдық торабында орнатылған аппаратура АТСК 100/2000 типті АТС. Бұл АТС-тің жалпы сыйымдылығы 2000 нөмір. Негізгі жұмыс істеп тұрған абоненттер саны 940.

Линиялы-аппараттық залда (ЛАЗ) ауылдық және қалааралық байланыс аппаратурасы, каналдарды тығыздау аппаратурасы қойылған. Телеграфта электрондық телеграфты аппараттар РТА-80 және факсимильді байланыс орнатылған. Егіндібұлақ аулының желісі АТСК - 100/2000 типті АТС-тан тұрады. Ауылдық телефондық желі бір сатылы сызбанұсқа арқылы құрылған. Радиалды құру - шеткі станция тікелей орталық станциямен байланысады. Шеткі станция орталық станциямен КСПП 1х4х0,9 типті біртөрттік кабельмен және ауалық линиямен байланысқан. Каналдарды тығыздау және мәліметтерді тарату үшін ИКМ-15, ИКМ-30 С, КНК-12 аппаратуралары қолданылады.

Төменгі кестеде Егіндібұлақ ауылының желісі туралы мәліметтер келтірілген.


1.1 кесте – Егіндібұлақ желісі


Тұрғылықты пункт

Станция түрі

Сиымдылығы

ҚЛ түрі

Тарату жүйесі

Қырықжылдық

Қоянды

Комсомол

Абай

Нұрмақов

Мәди

Тәттімбет

АТСк 50/200

АТСк 50/200

АТСк 50/200

АТСк 50/200

АТСк 50/200

АТСк 50/200

АТСк 50/200

200№

190№

170№

150№

180№

185№

120№

БАЛ

КСПП 1х4

КСПП 1х4

КСПП 1х4

КСПП 1х4

КСПП 1х4

КСПП 1х4

ЛВК-12

ИКМ-15

ИКМ-30С

ИКМ-15

КНК-12

ИКМ-15

ИКМ-15


Енді Егіндібұлақ ауылының АТСК – 100/2000 координаттық станциясына және оған қосылатын АТСК – 50/200 станциясына қысқаша сипаттама бере кетейік.

Координатты жүйенің АТСК 100/2000 автоматты телефондық станциясы ауылдық телефондық желілерді автоматтандыру үшін арналған. Бұл станция шеткі торабтық станция ретінде қолданылады. Станцияның сиымдылығы 100-ден 2000 нөмірге дейін бола алады. Координатты АТС-тың негізгі ерекшеліктері: көп қайтаралы қосқышта (МКС) құрылған звенолық коммутациялық блоктарын қолдану, іздеу сатысында топтық басқару құрылғысын пайдалану және қосылысты орнатумен регистрлік басқару. АТС ДҚ-мен салыстырғанда координатты АТС-тің артықшылықтары коммутациялық аппаратураның жоғарғы беріктігі станциялық құрал- жабдықтары бойынша пайданалу шығыны аз; сөйлесу трактісінің беріктілігі; телефондық желісін құрудағы шығынның аз болуы; АТСК - 100/2000 үш түрлі сатыдан құрылған. Абоненттік іздеу (АИ), топтық іздеу (ТИ), регистрлік іздеу (РИ), сатысы. Бір AI тағаны 100 абонентке қызмет ету үшін қолданылады. Байланысты ұйымдастыру әрі іздеу блогында орналасқан басқарушы құрылғылар маркермен жүзеге асырылады.

Қазір Егіндібұлақ ауылында 940 нөмір іске қосылған. Бұл станция жеке абоненттік линияларды, қосарланған телефондық аппараттар линияларын, алшақтанған абоненттер линияларын, таксафондар линияларын қосуға мүмкіндік береді. АТС-тың құрылымы әр абонентке сыртқы зона аралық және қалааралық байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Бұл станция үшін бір жақты байланысты бұзу жүйесі қолданылады. Станция кабельдік пен ауалық абоненттік және қосқыш линияларды қосуға есептелінген. Зуммерлі-индуктивті құрылғы тактісіз элементтерден жасалған, және айнымалы ток желісімен қоректенеді. Желі кернеуі жоғалған кезде зуммерлі индуктивті құрылғы станцияның аккумуляторлық батареясының қоректену көзіне автоматты түрде көшеді. АТСК 50/200 станцияның сиымдылығы 200 нөмір. Шекті станция жабдығы төрт едендік тағаннан тұрады. Әр тағанда сиымдылығы 50 нөмір болатын абоненттік блок орналасқан. Әр блокқа 30 жеке абоненттік линия және 10 қосарланған телефондық аппараттар линиясын қосуға болады. Шкафтың типті тағанның биіктігі 2260 мм, орта бөлігіндегі ені 782 мм, тереңдігі 434 мм. Станция үш таңбалы және бес таңбалы абоненттік регисторлармен жабдықталған. Басқа АТС-тармен өткізгіштік физикалық линиялармен немесе ТЖ каналдармен байланысады. АТСК 50/200 станциясы АТСК 100/2000 бірге жұмыс істейді. Бұл станция үшін бір жақты байланысты бұзу жүйесі қолданылады. Станция кабельдік және ауалық абоненттік және қосқыш линияларды қосуға есептелінген. АТСК-50/200 станциясы күнделікті қызмет көрсетуді талап етпейді. Құрылғыларды дистанционды тексеру қарастырылған. Станцияның қоректену кернеуі ?=60 В.

АТС-тер мен аудан орталығындағы АТС-ті және қалааралық байланысты ұйымдастыруда ҚЛ тығыздау ретінде ИКМ-15, ИКМ-30С, КНК-12 атты беру аппаратуралары қолданылады.

ИКМ-15 аппаратурасы ауылдық АТС-тар арасындағы қосқыш линияларды ұйымдастыру үшін және КСПП типті бір төрттік кабельдерді тығыздау үшін қажет. ИКМ-15 сипаттамасы:

- каналдар саны ТЖ-15;

- НРП қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункт-7;

- бөліктің максимальды ұзындығы -7,2 км;

- байланыстың максимальды қашықтығы-50 км;

- дискретті хабарды тарату үшін канал саны-2;

- регенерация бөлігінің жарты тактілік жиілікте 352 кГц тұрақты өшуі 37 дБ болады.

Электр қоректену станциялық батареядан 60 В кернеумен жүзеге асырылады. Сонымен бірге аппаратура дыбыстық тарату каналын ұйымдастыру және дискретті ақпаратты тарату мүмкіншілігін қарастырады. Ал ИКМ-12 аппаратурасы да ауылдық АТС-тар арасындағы ҚЛ-ды ұйымдастыру үшін және КСПП 1х4х0,9 типті бір төрттік кабельдерді тығыздау үшін қажет. Бұл аппаратура ТЖ-тің 12 каналын ұйымдастырады. Әр түрлі станцияға қосылған ТА бір-бірімен қосқыш линиялар арқылы байланысқан екі және одан да көп станция арқылы қосылады. Қосқыш линия жалпы қолдану линиясы болып табылады және әртүрлі телефондық станциядағы телефондық аппараттарды қосуға қатысады. Линияның төзімді әрі беріктігі жағынан байланыстың кабельдік линиясы болып табылады. Кабельдік линияның беріктігіне келесі факторлар әсер етеді: кабельді өндіруінің ақауы, құрылыс және пайдалану, кабель төсенген трассаның жақындығы жер жұмысы кезінде механикалық әсер ету, топырақтың қысымы және ығысуы, вибрация дымқылдан қорғайтын металдық қабықшасының коррозиясы. Сондықтан байланыстың кабельдік линиясының беріктік сатысын бағалап алу керек. Бүлінудің себептерін анализдеу керек, беріктікті көтеру үшін жұмыстар жүргізу қажет.

Сонымен бірге бұл желіде ауалық линиялар қолданылады. Жаңа ауалық линияларды құру шектелген, бірақ бұндай линиялар ауылдық телефондық желіде әлі қолданылуда. Мұндай линияларда пайдалану шығындары жоғары.

ҚЛ-ның ИКМ-15, ИКМ-30-С, ИКМ-12, арналар негізінде ұйымдастырылған. Ауылдың телефондық желіде ҚЛ қолдануды көтеру үшін қосымша теникалық жұмыстар қажет. Көп жағдайда ауылдың телефондық желіде ені сымды ҚЛ қолданылады. Әдетте ауылдық желідегі станциялар арасында қалааралық және жергілікті байланыс үшін ҚЛ-ның бөлек түйіндерін қолданылады. Олардың қолдануын көтеру мақсатымен жалпы түйінді қолдануға болады.


1.2 Ауыстырудың ќажеттілігі
Жоѓарыда айтылѓандай ауылдыњ телефондыќ желісі координаттыќ станциялардан т±рады. Ќ±рылѓыларды жетілдірудіњ себебі ол коммутациялыќ аспаптардыњ ескіруі. Көп жылдық пайдалану нәтижесіндегі АТСК 100/2000-да осы жүйелердің келесі сипаттамалық кемшіліктері:

- іздеу механизмінде қозғалатын бөлшектер мен детальдардың қажалғандығы. Сондықтан әдеттегі жөндеуге қосымша шығындар керек болады және қызмет ету мерзімін төмендетеді;

- түгелімен АТС жүйелері тез іс-әрекеті төмендететін қозғалатын бөлшектердің үлкен инерциялық массалары;

- үлкен габариттер. Құрылғының жоғарғы металды сиымдылығы;

- өлшеу аспаптардың қажалуы АТС-тегі барлық жүйелерінің жұмыстары тоқталуына әкеліп соқтырады;

- аккумуляторды ауыстыруды талап етеді.

Ауылдыќ телефондыќ желіде станцияаралыќ баѓыттарда арналар саныныњ аз екенін, жєне абонентердіњ станциялардан алшаќ орналасќанын ескерсек, б±л желіні жетілдірудегі ењ тиімді шешім ол аз жылдамдыќты цифрлыќ беру ж‰йелерін ќолдану. Б±л шарттарда ‰лестірімді басќарумен ж±мыс істейтін станциялар, интеграцияныњ жењілдігін ќамтамассыз етеді. Б±л кезде байланыс ќ±рылѓылары жалпы техникалыќ принциптермен, ќ±ралѓан бір комплекске біріктіріледі.

Ауылдыќ телефон желісініњ талаптарын ескере отырып коммутацияныњ цифрлыќ ж‰йелерініњ артыќшылыќтарын келтірейік

Электромеханикалыќ станциялардыњ бастапќы шыѓындары µте тµмен, біраќ сыйымдылыќ бірлігіне есептегенде б±л станциялардыњ меншікті баѓасы µте ‰лкен болады. Бағдарламамен басќарылатын квазиэлектрондыќ ж‰йелер µте ‰лкен бастапќы шыѓындар талап етеді б±л басќарушы комплекс баѓасыныњ ‰лкендігімен т‰сіндіріледі, біраќ баѓаныњ келесі µсуі ‰лкен емес. ‰лестірілген басќарылымды цифрлыќ ќ±рылѓылардыњ бастапќы шыѓындарыда аз, жєне кейінгі сыйымдылыќтыњ µсуіне кететін шыѓындарда аз. М±ндай ж‰йелер ќосымша ќызмет кµрсетулерді есептемегенде де сыйымдылыѓы 100 абоенеттен бастап, ењ тиімді ж‰йелер болып табылады.

Абонентке жања ќызмет кµрсетулер ±сынылып ол м±ндай станцияныњ жоѓары баѓасына ќарамастан оѓан ќызыѓушылыќ танытады.

М±ндай станцияныњ таѓы бір артыќшылыѓы, ол пайдаланушылардыњ талаптарын іске асыру ‰шін екі негізгі режімде ж±мыс істеуі олар концентратор, жєне станция ретінде.

Модульдік ќ±рылымы, б±л кезде аќпараттыќ бµлім функционалды аяќталѓан модуль болып бір котейнерге жинилады. Осыныњ арќасында станция сыйымдылыѓын блоктап µсіру м‰мкіндігі туады, жєне кµп ќаржы талап етпейді.

Басќару функциялары бір-бірімен єсерлесетiн процессорлар арасында ‰лестірілген. Тыѓыздыѓы тµмен аудандарда м±ндай ж‰йе абонентерге ќызмет кµрсетуді µте тиімді етеді.

Коммутациялыќ ќ±рылѓылармен беруші ж‰йелердіњ жоѓары сапасы, б±л болса ќ±ралдарды пайдалануѓа кететін ќаржы кµлеміне тура пропорционалдыќ тєуелділікте болады. Жєне де б±л алшаќтанѓан абоненттермен байланысты жоѓары сенімді етеді.

Жања технологияѓа кµшу мынадай ќосымша м‰мкіндіктерге ќол жеткізеді.

Элементтік база сенімділігін арттыру.

Баѓдарламалыќ басќару арќасында аќауларды автоматты т‰рде баќылау ќ±рылѓыларын істеугу м‰мкіндік береді.

Аќауды жай ѓана блокты ауыстырумен жµндеуге болады, ал б±л ж±мыскерлердіњ арнайы дайындыѓын талап етпейді.


2 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу жӘне


ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛУЫ

2.1 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу
DRX-4 байланыстың жаңа технологиясы көмегімен өндірілген сандық телефондық станция. DRX-4 сандық телефондық станция ауылдар, қала типті ауылдар және кәсіпорындар үшін арналған. Цифрлық телефондық станциясы DRX-4 МККТТ стандартына сәйкес және шеткі транзиттік, орталық мекемелік станция ретінде пайдалануға болады. Жаңа цифрлық телефондық станция DRX-4 әртүрлі АТС-термен байланысқанда ИКМ принципі бойынша жүзеге асырылады. Станцияның модульдік құрылуы бар. Бұл модульдік құрылу станцияның сиымдылығын арзан және жеңіл көбейтуді қамтамасыз етеді. Әрбір стативте төрт модульдан болады. Үлестірілген процессорлық басқару көмегімен жүйенің сиымдылығы бір стативтен сегiз стативке дейін жеңіл енгізіледі. Сонымен қатар жүйенің конструкциясы станцияаралық АЛ және ҚЛ-ны үш икемді үлестіруді жібереді. Бір стативте аналогты-цифрлық ҚЛ және АЛ-ны іске асыруға болады. Жүйенің барлық функциялары жадыда, өзгеретін бағдарламаға сәйкес іске асырылады. Бағдарламалық бақылау микропроцессорлар көмегімен сиымдылығы-600, ал сандық ҚЛ-ның сиымдылығы 480. Бір стативте цифрлық ҚЛ - 504, ал сегіз стативте 5120 DRX-4 цифрлық телефондық станцияның ең көп сиымдылығы: 3000 нөмір, 300 сандық ҚЛ немесе 3840 абонентке 384 аналогтық ҚЛ. DRX-4 цифрлық телефондық станцияны іске енгізу кезінде абоненттерді қалаға шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін қолданылатын қолдық каналдар автоматты түрде істен шығып қалады. DRX-төрт сандық телефондық станция гелий аккумуляторымен қоректенеді. Станция терморегулятор көмегімен бөлмеде қажетті температураны автономды ұстап тұрады. DRX-4 сандық телефондық станцияда сервисті қызмет көрсету мүмкіндіктері бар. Мысалы: будильник тәртібі. Бұл кезде телефон бойынша кодты тергенде қоңырау уақытын жадыға салып қою мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге белгілі бір мезетте сізге қажетті нөмірді қосуды бағдарламалау, сіз тек қана кодпен қажетті манипуляцияны жүргізесіз, ал қалғаны автоматты түрде іске асырылады. DRX-4 сандық телефондық станция өзіне-өзі қызмет көрсетеді. Станция ішінде жұмыс тәртібін тексеретін компьютерлік начинка бар. Электр энергия сөнген кезде немесе желіде кернеудің секіруі кезінде, бұл ауылдық жерлерде сипатты, автономды қоректену жүйесі іске қосылады. Станцияның биіктігі 2100 мм, ені 870 мм, тереңдігі 580 мм, салмағы 350 кг.(бір статив үшін), ауданы 0,48 м2. Сондықтан телефондық нөмірге қызмет ету көлемін кеңейтуге болады. Енді абоненттер үшін қосымша қызмет етуін қарастырып кетейік. Олар: шақыруды бағыттау, терілген нөмірді автоматты қайталау, қысқа теру, "Бос емес" кезінде кері теру, кірістік байланысқа тиім салу, күтуде шақыруды орнату, 3 абоненттің конференц-байланысы, кедергі жасау. Енді тағы да техникалық қызмет көрсету және пайдалану ерекшеліктерін қарастырайық:

және авария сигналы;

Станция қызмет етуінде ерекше талаптар қоймайды, бірақ қажетті нормаларды бақылау керек. Олар қоршаған ортаның температурасы, дымқылдық, бөлме тазалығы деген көрсеткіштер. Температура: +100С +500С. Салыстырмалы дымқылдылығы 10-90%, бұл кезде қосымша салқындауға қажет етпейді. Тағандағы модульдерге көңіл бөліп кетейік. Тағанның жоғарғы бөлігінде шақырушы генератор және бақылау блогы орналасқан. Тағанның қалған бөлігі перифериялық бақылау платадан тұратын 4 модульге бөлінген.

а) Перифериялық плата (абоненттік, каналдық, VTR, қосқыш плата);

ә) Қадағалау платасы (МХС модульдер байланысы және бақылау платасы, GNS желісі және топтың коммтация платасы, цифралық қосқыш линия платасы)

Әрбір плата бөлек микропроцессормен басқарылады. Тапсырыс берушінің талабы бойышна жүйелік мәліметтер териминалымен қайта бағдарламалануы мүмкін. Осы мәліметтерді бағдарламалау үшін NETAS фирмасы қажетті документтеуді ұсынады. Жүйеге MF және DP типті телефондық аппараттар, сонымен бірге копьютерлер қосуға болады.

Станция әрбір модульде орналасқан МХС және GNS плата бақылаудың үлестіру жүйесімен жұмыс істейді. Жүйеде қолданылатын жады құрылғысы қатты дискіде барлық абоненттік қоңырауларды тіркейді, оларды жүйелендіреді және жазбаша түрде таратады. Абоненттік жүйесі және станцияаралық линиясы бар кезінде аналогты және цифралық станцияаралық ағындарды және бір тағанда абоненттік линияларды біріктіруі мүмкін. NETAS фирмасымен шығарылатын KEBAN құрылғысымен қамтамасыз етілетін жүйенің жұмысы үшін қажетті кернеу-48 V. KEBAN құрылғысында тарату жүйесінен және коммутация жүйесінен қоректенетін жүктеме тогын реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір модульде орналасқан қуатты түрлендіргіш платасымен өндірілетін (PRG) бақылау және алып салынатын платаның жұмысы үшін қажетті кернеу 12V және 5V. DRX-4 цифрлық телефондық станцияның өзінің техникалық ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктеріне көңіл бөлейік.

Технологиясы: жазылған бағдарлама, үлестірілген басқару; коммутация; МККТТ стандарты.

Импульсті-кодалық модуляция (ИКМ) 2048Мбит/с МККТТ стандарты бойынша өлшеу;

Номинальды кедергі: 600 Ом. Бос каналдың шуы: Псофометрикалық шу: ? -65 дБ моп.

Бір жиіліктің шуы ?-50 дБ моп.

Аспаптың шулық эффектісі ?-75 дБ моп.

Импульстік шу: -35 дБ моп. бестен аз табалдырық деңгей кезінде; Бейнеленген сигналдың әлсіреуі: Номиналды кедергі кезінде 300-600Гц жиілікте 12дБ әлсіреуі. Гармоникалық құрушылар –10 дБ моп және 300-3400 Гц кезінде кірістік сигнал үшін негізгі гармоникадан төмен орналасқан екi және үш гармоника;

Сыртқы модуляция: 35 дБ.

2.2 Бақылау платалары


2.2.1 Топтық коммутация және желі платасы.(GNS)
GNS платасы модульдер мен стативтер арасындағы байланысты бақылайды. Бақылау және модуль коммутациясы (MXC) платалары арасындағы ақпаратты ауыстыру GNS платасымен қамтамасыздандырылады. GNS платасы қуатты түрлендіргіш платасының сол жағында орналасқан GNS платасына қажетті кернеуді 5V және 2V берілген модульгің қуатын түрлендіргіш өндіреді. Платаның алдыңғы панелінде үш сегменттік индикатор орналасқан. Бір қызыл светодиод тастау тумблерді және тастауды көрсетеді. Платада 16 ИКИ кірісі және 16 ИКМ шығысы бар. Төрт кірістен төрт шығыс модуль коммутациясы MXC және бақылау платасымен ақпаратты ауыстыру үшін арналған. Төрт кіріспен төрт шығыс сандық каналдық платамен ақпаратты ауыстыру үшін арналған. ИКИ-30 сөйлесу каналынан тұратын GNS паталары арасындағы байланыс үшін арналған тракт, Ал ИКМ - 32 сөйлесу каналынан тұратын GNS және MXC платалары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін тракт.

Терминалмен байланысу үшін GNS платасы RS 232с типті екi интерфейстан тұрады. GNS-тің барлық платасында 4,096 мГц жиіліктегі таймері және 8 мГц жиіліктегі синхрондау генераторы бар. Егер барлық GNS платалары қолданылатын уақыттық қатынас және синхрондау бұзылса, онда бұзылуды анықтау тізбегі қатынаспен синхрондау локальді уақытын қосады. Платада 16 мГц тактілік жиілікті 80188 ЕВ микропроцессор бар. GNS платасы әрбіреуі 128 кб бойынша 1,2 мб ПЗУ, 128 RAM және екі ПЗУ-дан тұрады.

2.2.2 Модуль коммутациясы және бақылау платасы (MXC)
Модуль коммутациясы және бақылау платасы шақыруларды өңдеуді бұзылудың пайда болуын, GNS платасына мәліметті таратуды, CODEC үшін жіберілетін сигналдарды өңдеуді қамтамасыз етеді. Плата 16 мГц жиілікті жұмыс істейтін 80188 ЕВ микропроцессордан тұрады. RAM типті жады 256К тұрады. 128К көлемді жады аккумулятормен қоректенеді, ал қалған 128К оперативті жады ретінде қолданылады. ИКМ каналдарын ауыстыру DSM көмегімен қамтамасыз етіледі. Платаның сегiз ИКМ кірісі және сегiз ИКМ шығысы бар. Плата екі буфер тобынан тұрады. Бірінші топ мәліметтерді ауыстыру мен STB, PAR, СS, FS, ALMOUT, ALMIN сигналдарымен басқарады. Екінші топ перифериялық платаға сигналдарды жіберу кезінде қолданылады. Жіберілетін сигналдар GODEC-ті жұмыс қалпына келтіру үшін қолданылады. Артқы панельге бес қосылатын сигналдарды шығарады. 80188 ЕВ микропроцессордың сыртқы уақыттың анықтағыштары сигналдарды өңдеу үшін қолданылады.

- Interrupt, сканирлау процедурасын орындайды;

- Interrupt, сериялық порттарда қызмет ететін.

Енгізу- шығару функциялары GNS-пен орындалады.

MXC платасы 4 авариялық шығыстарды және 10 авариялық кірістерді қамтамасыз етеді. Бақылау блогына 3х7 разьем арқылы платадан авария сигналы түседі. MXC платасы 20 разьемына орнатылды. MXC платасында +5В, +12В, -12В кернеулері қолданылады.


2.2.3 Цифрлық каналдар платасы (DTC), және цифрлық қосу

интерфейсы (DLI)
Цифрлық каналдар платасы әрбір модульде орналасуы мүмкін (барлығы төрт плата) және 2,048 Мбит/с жылдамдықты станцияаралық байланысты қамтамасыз етеді. Бұл үшін берілген модульдің PRS платасынан алынатын 5V, 12V, DC кернеулер қажет. Жүйеде G732 және G703 МККТТ стандартына сәйкес ИКМ линиясы бойынша НДВЗ форматында 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ақпаратты айырбастауды қамтамасыз ететін бір немесе екі жолақты платалар қолданылады. Әрбір сандық каналдың плата 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ИКМ каналы бойынша ақпараттармен ауыстырылады. Әрбір плата: 16 Мбит/с жиілікте жұмыс істейтін 80188Е13 сегіз битті микропроцессормен бақыланады. EPROM, RAM және NVM еске сақтау құрылғысы бар; сандық канал үшін екі интерфейс бар. Екі байланыс НДВЗ форматында 2,048 Мбит/с жылдамдықпен сандық каналдан түсетін мәліметтерден 2,048 Мбит/с тактілік сигналы бөлінетінін қамтамасыз етеді; Қате биттердің және локальді аварияны көрсететін үш сегментті индикатордан тұрады. Сандық қосу интерфейсінің платасы DRX жүйесінің алшақталынған модульдерімен байланысты қамтамасыз етеді. Плата құрылғысы DTC палатсымен бірдей. Тағыда бір тізбек HDLC. 29 уақыттық интервалдар сигналдарды тарату үшін бөлінген және канал интервалы HDLC сигналдау үшін бөлінген.


2.3 Перифериялық платалар


2.3.1 Әмбебап қабылдау-таратқыш платасы (VTR)
Униварсалды қабылдау - таратқыш сигналдық процессорлар көмегімен жүйеде үнді қабылдау - таратқашты жүзеге асырады. VTR платасы үннің қабылдайтын жиілігін анализдейді және MXC-қа сандық сигналды жібереді. Бұл жұмыс MXC және VTR платалар арасындағы ақпарат көмегімен орындалады. VTR платасы цифрлық регистрге жазады. Содан кейін бұл жазба линия көмегімен микпропроцессор ақпаратты MXC-қа жібереді. Әрбір VTR платасында екі цифрлық сигналдық процессорлар (DSP) орналасқан. Олар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. VTR платасы тек қана бір ИКМ-мен тізбектей жұмыс істеуі мүмкін. Сондықтан уақыттың кез-келген мезетінде 32 порт қолданылуы мүмкін. VTR платасы келесі функцияларды орындайды:

- қабылдау тарату DTMF. Әрбір DSP-ға 4 қабылдағыш;

- қабылдау тарату Т1. Әрбір DSP-ға 2 таратқыш;

- шақырылушы генетатор;

- екілік зуммер генераторы;

- мәліметтер тонының генераторы.

VTR платасы DRX-4 жүйесіндегі перифериялық плата үшін кез келген ретте орнатылуы мүмкін.


2.3.2 Абоненттік және таксофондық платалар
Абоненттік және линиялық таксофондық платалар перифериялық плата үшін арналған разьемнің кез келгенінде орналаса алады. Таксофондық линиялық плата таксофондық аппараттарға немесе басқа төленетін құрылғыларға 12 кГц немесе 16 кГц жиілікпен сигналды таратуымен өзгешеленеді. Бір абоненттік плата сегіз абоненттік линияға қызмет етеді. Абоненттік линиялық платаның саны абонент санына сәйкес орнатылады. Абоненттік платаның жұмысы үшін қажетті кернеу; қуатты түрлендіргіш платасынан 5V, 12V, KEBAN қоректену болгынан -48VT және -48VS. Платаның беткі панелінде берілген платада тым болмағанда бір абоненттік линия бос емес жайында сигнал білдіретін бір сары светодиод орналасқан. Абоненттік плата станциялық кросс (MDF) және жүйенің артқы панелі рақылы TIP/RING сегіз сыңар көмегімен абоненттік линияға қосылады.

Абоненттік плата ИКМ каналына қызмет етеді. Бұл каналдар:

сигналды тарату каналы;

- шығыстық ИКМ; МХС платасына 2,048 Мбит/с жылдамдықпен дыбыстың сигналды тарату каналы.

Абоненттік платаның бірнеше варианттары бар:

- базалық плата;

- тестіленген плата және қорғау 220V.

- жергілікті және қалааралық таксафондардың платасы. Модульді бақылау және коммутация платасының байланысы келесілерге қызмет етеді:

а) Қоңырау релесінің қосылуы және ажыратылуы үшін.

ә) Шақыруды қабылдау үшін.

б) Қажетті тонды тарату үшін.

Бұл плата келесі тізбектерден тұрады:

Абоненттік линияның қоректенуі, қоңыраудың қоректенуі, жоғарланған кернеуден сақтану, кодталуы, тесттеу және дыбысты күшейту. Қоңыраудың қоректенуі - 80 Vrms. Қоңыраудың кернеуі тапсырыс берушінің сұранысы бойынша таңдап алынады. Платада тек қана линиялық ток жүреді. Металдың изоляция және сындық түрлендіру гибридті трансформатормен жүзеге асырылады. Трансформатор жұмысының мақсатпен жүзеге асырылады. 820 Гц жиілікте жұмыс істейтін абоненттік линия кедергісі, шамамен 600 Ом. Платада 8А - /aw GODEC-тер орналасқан. GODEC-ті басқаратын сигналдар бақылау модулінен келеді. Бақылау модулінен келетін сигналдар абоненттік платада дешифраторланады. GODEC-тің синхронизацияланатын сигналы жүйенің негізгі синхронизациялық сигналдан түседі. Осы бақылау каналын қолдана отырып модульді бақылау және коммутация платасы (MXC) аналогты және цифралық линияны, қабылдау таратқыш CODEC-терді басқарады. Жоғарыда көрсетілген айырмашылықтан басқа таксофондық плата екі қосымша тізбегі бар. Бұл тізбектер таксофондық аппараттар үшін қажет 12 кГц жиіліктегі сигналдарды, қалааралық зуммерді тарату үшін қызмет етеді.


2.3.3 Коммутацияның және сигнализацияның шарттары
Абоненттік линияның кедергісі: 2,000 Ом (телефон аппаратын

ТА қосқанда).

Қоректену кедергісі: 2х400 Ом.

Сындар арасыдағы изоляция: 20 кал.

Телефондық аппаратқа қосылатын абоненттік линияның дұрыс жұмысы үшін келесі параметрлер болуы керек.

1 Номерді теру жылдамдығы: 7 – 12 pps.

2 Босау қатынасы: 56-72%.

3 Жалған босау: Макс. 3ms.

4 Ақпараттың қосылу және ажыратылу уақыты.

а) Қосылу 21-63 ms;

б) Босау 46-103 ms.

5 Циффралық интервал: ?200 ms.

Таксофондық линиялық плата үшін: импульстер интервалының өзгеру мүмкіндігі бар.


2.3.4 E&M каналдық плата
E&M каналдық плата ақпаратты тарату жылдамдығы 2,048 мбит/с қамтамасыз ететін ИКМ каналы көмегімен қосқыш линия мен жүйе арасындағы коммутацияны қамтамасыз етеді. Бұл плата кез келген ретте орналаса алады. Бұл плата модульді бақылау және коммутация платасымен басқарылады және төмендегідей модификациясы бар:

- E&M екі смды плата, еркін жағдайда - ашық, бос емес - жерге қосу.

- E&M екі сымды плата, еркін жағдайда - жерге қосылған, бос емес- ашық жерге қосылған.

- E&M төрт сымды плата, еркін жағдайда ашық, бос емес - жерге қосылған.

- E&M төрт сымды плата, еркін жағдайда жерге қосылған, бос емес-ашық.

- E&M сегiз сымды плата, еркін жағдайда- ашық, бос емес- жерге қосылған.

- E&M сегiз сымды плата, еркін жағдайда- жерге қосылған, бос емес- ашық.

Екі сымды E&M каналдық плата төрт каналға, ал төрт сымды E&M каналдық плата екi каналға қызмет көрсете алады.

Плата жұмысы үшін қажетті кернеу 5V және 12V қуатты түрлендіргіш платасынан түседі, ал 60 VDC кернеу KEBAN құрылғысының қоректену болгынан түседі.

E&M платасының екi сымды орындалу кезінде әрбір канал үшін төрт сым қосылады:

Екі сым - TIP/RING, 1-М, 1-Е, төрт сымды орындалу кезінде алты сым қосылады: Екi сым - қабылдауға, екi - сым таратуға, 1-М, 1- Е сегiз сымды орындалу кезінде сегiз сым қосылады: екi сым - қабылдауға, екi сым -таратуға, 2-М, 2-Е. Станциялық кросс және жүйенің артқы панелі көмегімен плата қосқыш линиялармен қосылады. Бұл платада екi ИКМ каналы бар. Олардың: бiр кірістік КИМ каналы 2,048 Мбит/с жылдамдықпен қосқыш линия бойынша дыбыстың сигналдарды таратуды қамтамасыз етеді.

Шығыстық ИКМ каналы МХС-та 2,048 Мбит/с жылдамдақпен ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді. Каналдық платаның бақылау және коммутация платасымен байлаысы келесі функцияларды орындау үшін қажет:

- логикалық тізбек жұмысы М;

- логикалық тізбек жұмысы Е;

- таңдалыып алынған каналға аналогты тонды жіберу.

Екі сымды амал кезінде E&M платасының орындалуы 2/4 сымды трансформация трансформатормен қамтамасыз етіледі. Екі жағдайда автоматты қосқыш линияның кедергісі – 600 Ом. Платада 4А - Law CODEC-тан тұрады. CODEC-пен басқарылатын сигналдар МХС платадан келеді және қажетті CODEC-терді таңдау үшін сигналдар платада дешифраторланады. CODEC-пен басқарылатын синхронизацияланатын сигнал жүйенің негізгі синхронизацияланатын сигналдан түседі. Платаның беткі панелінде таңдап алынған немесе бос емес линияны көрсететі сегiз жасыл светодиодтар орналасқан. Абоненттік линиядан ҚЛ-ға өту кезіндегі жоғалтулар: 0-1 дБ ҚЛ тізбегінің күшеюі: 2,5 дБ.

М тізбегінің кедергісі:

а) Ашық тізбек: мин. 1 МОМ.

ә) Жерге қосылған: макс 20 Ом

Сигналды тарату тізбегі екі жақта 2В потенциалдар айырмашылығы кезінде жұмысқа жарамды. Бұл айырмашылық Е соңына, сонымен қатар М соңына бірдей. Е алғының кедергісі 380ч2500 Ом.


2.3.5 LOOP каналдық плата
Плата ИКМ каналы бойынша 2,048 Мбит/с жылдамдық ақпаратты тарату қосқыш линия және жүйе арасындағы коммутацияны қамтамасыз етеді. Плата модульдің перифериялық платасына арналған кез келген разъемінде орналаса алады. Бұл платалардың саны тапсырыс берушінің талабына сәйкес ҚЛ-ның санымен анықтайды. Плата модульді бақылау және коммутация платасымен басқарылады жәнеде келесідей модификациясы бар:

- шығыстық LOОP каналы;

- кірістік LOОP каналы.

Плата төрт ҚЛ-ны қамтамасыз етеді. Платаның жұмысы үшін қажетті кернеуі 12V, 5В POC платасынан түседі, ал – 48 В кернеуі SOPII құрылғысының қоректену блогынан түседі. Төрт сыңарлы сымдар TIP/RING көмегімен платаның артқы панелі арқылы MDF-қа қосылады. Бір сым қабылдаушы, екіншісі- таратушы.

Платаның екi ИКМ каналы бар. Олардың:

- Кірісті ИКМ канал, 2,048 Мбит/с жылдамдықмен ҚЛ-ға дыбыстық сигналды таратады.

- Шығыстық ИКМ канал, модульді бақылау және коммутация платасына дыбыстық сигналды 2,048 Мбит/с жылдамдықпен тарату жүзеге асырылады.

МХС-пен осы платаның байланысы келесі амалдарды орындайды:

- батареляның кері релесін қосады және ажыратады (I/C LOOP канал);

- линия релесін қосады және ажыратады (O/G LOOP канал). Линияны қоректедіру кірістік LOOP каналынан жүзеге асырылады;

- шақырыс сигналын қабылдайды (I/C LOOP канал);

- аналогты тональды сигналды таңдап алынған каналға жібереді (I/C және O/G LOOP каналы).

Бұл платада 4А - LAW CODEC бар. CODEC-терді басқаратын сигнал MXC платасынан келеді және қажетті CODEC-терді таңдау үшін платада дешифраторланады. CODEC-пен басқарылатын уақыттың сигнал жүйенің таймерінен түседі. Платаның беткі панелінде таңдап алынған және бос емес линияны көрсететін төрт жасыл светодиод орналасқан. Абонеттік линиядан ҚЛ-ға өту кезіндегі жоғалулар: 0=1 дБ, ҚЛ тізбегінің күшеюі: 2,5 дБ.

ҚЛ тізбегі өзінің аяғына 5 В потенциялдар айырмашылығы кезінде жұмыс істеуі мүмкін. Кірістік қосылу платасы кезінде алшақталған станция және канал кедергісін қоса отырып, ҚЛ кедергісімен 5 ком жұмыс істейді. Шығыстық қосылу кезінде ҚЛ кедергісінің 100-3000 Ом байланысы үшін батареядан -48В 12МА ток өдіріледі.


2.3.6 Операторлық ҚЛ-ның үш сымды плата
Операторлық ҚЛ-ның үш сымды платасы ақпаратты тарату жылдамдығын 2,048 Мбит/с қамтамасыз ететін ИКМ каналы көмегімен ҚЛ мен жүйенің арасындағы коммутацияны қамтамасыз етеді. Бұл плата модульдің перифериялық платасы үшін кез келген разъемінде орналасуы мүмкін. Бұл плата модульді бақылау және коммутация платасымен МХС басқарылады және төрт каналға қызмет етеді. Платаның жұмысы үшін қажетті кернеу 5V және 12V қуатты түрлендіргіш платасынан түседі, ол - 60 VDC кернеуі KEBAN құрылғысының қоректену блогынан түседі. Операторлық ҚЛ-ның үш сымды платасы а, в және с атауы бар үш сымға қосылады. Станциялық кросс және жүйенің артқы панелі көмегімен плата операторлық ҚЛ-мен коммутацияланады. Бұл платаның екі ИКМ каналы бар:

- Кірістік ИКМ каналы, 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ҚЛ бойынша дыбыстың сигналды таратуды қамтамасыз етеді.

- Шығыстың ИКМ каналы, МХС-қа 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.

Бақылау және коммутация платасыменн МХС байланыс операторлық ҚЛ-ның үш сымды платасы жағынан келетін сигналдар көмегімен өзінің функцияларын орындайды (платаны таңдау, функцияны таңдау, стробимпульс). CODEC-ті басқаратын сигнал МХС платасынан келеді және сигнал платада CODEC-терді таңдау үшін сигнал платада дешифраторланады. Токтілік сигнал 2048 кГц және синхросигнал 8 кГц CODEC-пен басқаратын МХС платасынан, жүйенің таймерінен түседі.


2.3.7 Линиялық сигнализациясының түрледіргіш платасы (4WIST)
Линиялық сигнализациясының түрлендіргіш платасы линия және жүйе арасындағы линиялық сигнализацияны келістіру үшін арналған. Линияға түсетін линиялық сигналдар осы плата көмегімен жүйеге беріледі және керісінше жүйеде айналдырады; 2600 Гц, 1200+1600 Гц MF сигналдары және 50 Гц ANI сигналы линия сигнализациясының түрлендіргіші платасында орналасқан цифрлық сигналдар генераторы көмегімен өндіріледі және қабылданады. Модульдер платасының бірінші 15 позициясы линия сигнализациясының түрлендіру платасы үшін бөлінген. Төрт WIST платасы бұл модульде болатын МХС платасынан бақыланады. Төрт WIST линия сигнализациясының түрлендіргіш платасының жұмысы үшін қажетті кернеуі 5V және 12V берілген модульді қамтамасыз ететін кернеуді түрлендіру платасынан (POC) беріледі. Платаның трансмиссондық параметрлері МККТТ-нің 6-713 стандартына келеді. Желідегі интерфейс екі қабылдаушы және екі таратушы - төрт тізбек көмегімен жүзеге асырылады және төрт WIST линия сигнализациясы түрлендіргішіінң әрбір платасы Төрт аналогты каналға байланысты қамтамасыз етеді. Төрт WIST линия сигнализациясы түрлендіргіш платасының функциялары:

- төрт дыбыстық канал үшін аналогты /цифрлық (А/Д) және цифрлық/аналогты (Д/А) түрлендіру;

- функцияны таңдау үшін 7 битті шина және мәліметтер үшін 4 битті шина;

- 08 НЕХ платасының нөмірі;

- платаға каналдық жағдайы үшін индикация;

- шығыстық сигнал Т1;

- кірістік сигнал Т2;

- ANI 50Гц сигналды қабылдау мүмкіншілігі;

- 2,5 дБ автоматтық реттеу;

- жүктеме компенсациясын реттеу 2,5 дБ мүмкіншілігі;

- жүйенің интерфейсі.

Жүйедегі плата интерфейс функцияны таңдау үшін 7 битті шина және мәліметтер үшін төрт битті шина көмегімен жүзеге асырылады. Платада орналасқан кодтаушы құрылғы МХС платасынан түсетін сигналдар көмегімен жұмыс істейді.

2.3.8 Талшықты-оптикалық сигналдар платасы (FTD)
FTD платасының беткі панелі FC/PC типті екі талшықты-оптикалық разъемы бар. Осы разъемның көмегімен оптикалық қабылдау және тарату жүзеге асырылады. Сонымен бірге 750 Ом бойынша 1,6/5,6 типті екі коаксиалды разъем бар. Бұл разъемдар көмегімен DМХ платасы FTD платасы арасындағы байланысты 8 Мбит/с жүзеге асырады. FTD платасы 416122х32 DIN разъем көмегімен 19-шы разъемде орнатылады. Осы разъемға авариялық сигнализация және ескерту тізбегі және де қоректену тізбегі шығады. FTD платасы оптикалық таратқыштан LASER, PINFET қабылдағышынан, уақыт құрылғысынан, MCMI кодтау және декодтау құрылғыдан, сервисті канал LCA көмегімен бақылау құрылғысынан тұрады. Оптикалық таратқыш тізбегінде электрлік сигнал оптикалық сигналға түрленеді. Осы мақсатпен 1300 m толқын ұзындығында жанатын LASER диоды қолданылады. LASER диодының жылулық тәртібі РТС элементімен бақыланады.

Оптикалық қабылдау құрылғысында қабылдау тізбегі PINFET диодының көмегімен оптикалық сигнал электрлік сигналға түрлендіреді. Тізбекке түсетін электрлік сигналдар 75 Ом (8 Мбит/с кезінде) және 120 Ом (2 Мбит/с кезінде) кедергісі бар. Қабылдау және тарату тізбегінде әрқашан оптикалық сигналдық жағдайын бақылайды. Нормасынан ауытқыған кезде бақылау нәтижесі бойынша авариялық сигнализация іске қосылады.

Тарату жылдамдығы 2 немесе 8 Мбит/с. Технология: LCA, LASER диоды, PINFET. Өлшемі (размер): 280х320 мм (DRX платасының типтік өлшемдері).

Кодталу: Электрлік НДВЗ, оптикалық МСМI.

Кедергі: 120 Ом, 2 мбит/с; 75 Ом 8 Мбит/с.

Авария сигнализациясы: мажор минор және светодиодтардың көрсетілуі.

Қолданылатын қуат: 5V кезінде 0,5А, -5V кезінде 0,35А, 5V кезінде 0,65А. FTD платасының беткі панеліне түсініктеме беріп кетелік.

- 8М "ALIS" және 8М "VERIS" разъемінің көмегімен 8 мбит/с НДВЗ сигналдардың коммутациясы жүзеге асырылады;

- авария ықтималдылығы көбейген жағдайда 10-3 шамасынан көп болса, онда 10-3 қызыл "НАТА" светодиоды жанады;

- шамадан жоғары авария ықтималдылығы көбейген жағдайда;

- 10-6 шамасы болса, 10-6 сары "НАТА" светодиоды жанады;

- егер электрлік кірістік сигнал жоғалса, онда 8М "GУОК" қызыл светодиоды жанады;

- егер LASER диодының шығысында керекті оптикалық қуат өндірілмесе, онда қалыпты тәртіпте жанып тұрған жасыл LASER NORM светодиоды сөнеді;

- егер кірістік оптикалық сигнал болмаса, онда қызыл ОР " GУОК " светодиоды жанады;

- плата "ACIK/KAPALT" тумблермее тізбекке қосылады немесе өшіріледі. OPIN және OPOUT разъемына оптикалық кіріс және оптикалық шығыс қосылады;

- тест коннекторының разъемінде:

- Т1 = фотодиод кернеуіне (LASER Monitor Photodiode);

- Т2 = ОР IN-нен сигнал;

- Т3 = Тригердегі кернеуге;

- Т4 = жер.


2.3.9 Көбейткіш платасы (DМХ)
Көбейткіш платасының беткі панелінде 75 Ом бойынша 1,6/5,6 екі коаксиолды разъемы бар. Осы разъеемдар көмегімен FTD және DMX платалар арасындағы 8 Мбит/с байланысты, сонымен бірге басқа көбейткіштермен байланысты жүзеге асырады. Артқы панельдегі кірістік және шығыстық 2 Мбит/с сигналдар DMX платасы қойылатын разъемға енгізіледі. DMX платасы 2х32 контакты разъем DIN 41612 көмегімен артқы панелге қосылады. DMX платасы оң конверсия (+) жолымен 2 Мбит/с жылдамдықтағы төрт сигналға бөлінеді. Қабылдау және тарату соңында электрлік сигнал параметрлері әрқашан бақыланады. Номиналды параметрінен ауытқыған кезде сәйкес кетелін сигнализация іске қосылады.

МККТТ сәйкес: МККТТ G. 742 бөлімі

Технология : LCA

Өлшемдері: 280х320 ММ (DRX платасының типтік өлшемі)

Көбейту: біріншіден екіншіге (ИКМ)

Кедергі: 120 Ом (салмақталған) 2 Мбит/с

75 Ом (салмақтанбаған) 8 Мбит/с.

Авария сигнализациясы: мажор, минор және свтодиодтық жануы

Қолданылатын қуат: 5V 1А.

Енді DMX платасының беткі панеліне түсініктеме берейік:

- 8М "ALIS" және 8М "VERIS" разъемінің көмегімен 8 мбит/с сигналдар коммутациясы жүзеге асырылады;

- егер қате деңгейі (BER) 10-3 мәніне жетсе, онда қызыл 10-3 "НАТА" светодиоды жанады;

- егер қате деңгейі 10-5 мәніне жетсе, онда сары 10-5 "НАТА" светодиоды жанады;

- егер тарату жылдамдығы қалыпты болса, RNB светодиоды жанады;

- синхронизация жоқ кезінде "СА" қызыл светодиоды жанады;

- егер кірістік 8 Мбит/с сигналы болмаса, онда қызыл 8М "GУОК" светодиоды жанады;

- егер кірістік 8 Мбит/с сигналында AIS болса, онда қызыл 8М "AIS" светодиоды жанады;

- егер бір немесе бірнеше кірістік 2 Мбит/с сигналдар жоқ болса, онда сәйкес келетін қызыл 1, 2, 3 немесе 4.2М "УОК" светодиодтар жанады;

- плата "ACIK/KAPALT" тумблерімен тізбекке қосылады немесе өшіріледі.


2.4 Төлеу пульсі және қоңырау генераторы /кернеуді

түрлендіргіш блогы
Төлеу пульсі және қоңырау генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогының жұмыс істеуі үшін қажетті тұрақты токтың -48V кернеуі SOP-II құрылғысымен өндіріледі. Кернеуді түрлендіргіш тізбегі перифериялық платасы және бақылау платасы үшін қажетті тұрақты кернеуді 12V және 5V өндіреді. Түрлендіргіш тізбегінің ең көп шығыстық қуаты -130W. -43V және -59V арасында үздіксіз жұмыс істейді. Қоңырау генераторы жүйеге қажетті шақырыс қоңырауын өндіреді. Қоңырау генераторы келесі кірістік параметлері бар кезінде жұмыс істейді.

- Тұрақты токтың кірістік кернеуі: -43V/ -59V DC.

- Қоректену көзінің кірістік кедергісі: макс. 10М.

- Қосында шу: макс -30 d? mop.

-Ең көп бірлік тон: -10 d? mop.

-Шақырыс сигналының жиілігі: 16 2/3 Гц, 25 Гц немесе 50 Гц.

- Жиілік шектері: 2 Гц.

- Кернеу: 60 және 100 Vrms арасында таңдап алынады.

- Кернеуді тұрақтануы: 10%.

- Гармоникалық бұрмалану: макс 15% (толық жүктеме кезінде).

- Шу: - 68 d? mop.

- Қайтарыс: мин. 75%.

Төлеу пульсі генераторының тізбегі таксофондық шақыруларды төлеу үшін қажетті төлеу пульсін өндіреді.

Төлеу пульсі генераторының шығыстық сипаттамасы қоңырау генераторының сипаттамасымен бірдей.

Төлеу пульсінің генераторы келесі кірістік параметрлер бар кезінде жұмыс істейді.

- Жиілік: 12 кГц -16 кГц.

- Жиілік шектері: 5%.

- Деңгей: 2 0,4Vrms.

- Жалпы қуаты: 1,4 Vrms.

- Реттеу: 1d?.

- Гармоникалық бұрмалану: макс 10%.

- Тербеліс түрі: синусойдалы.

Төлеу пульсі және қоңырау генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогы әрбір сөреде 25 позицияға қойылады. Блок жоғарғы кірістік және шығыстық кернеулерден қорғайды. Бұл блокта бір және екі сөресі бір-бірімен параллельді байланысқан. Егер өзара байланысқан блоктардың бірі істен шықса, онда істеп тұрған төлеу пульсі және қоңырау генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогы екі сөренің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен жүйеде төлеу пульсі және қоңырау генераторы қоректенуді түрлендіргіш резервті блок қамтамасыз етеді. Блокқа кернеуді берген кезде - 48V ең бірінші жасыл светодиод жанады. Бұл светодиодтан кейін тағы үш қызыл светодиод бар. Қорғағыш - 48V істен шыққан кезде "- 48V FAIL" жанады. Қоректену генератор тізбегі істен шыққан кезде "ONT PUT FAIL" светодиоды жанады. Ал төлеу пульсі және қоңырау генераторының авариясы кезінде "RING FAIL" светодиоды жанады. Төлеу пульсі және қоңырау генераторы және қоректену түрлендіргіштің жалпы авариялық шығыстары МХС платасына байланысқан. Бұл светодиодтан басқа 6 бақылау нүктесі бар. Бұл нүктелер шығыс кернеулерді бақылау өлшуе үшін керек. Сонымен бірге өшіру тумблері және блок қоректенуінің қосылуы бар.

2.5 Авариялық сигнализациясының блогы (FSP)
Стативтің жоғарғы бөлігінде орналасқан FSP блогы минорлық және мажорлық авариялық сигналдардың бар екендігін көрсетеді. Сонымен бірге қоректену блогынан түсетін - 48V кернеуді үлестіреді. FSP блогының жұмысын қарастырайық: FSP блогының сол жағында орналасқан екі үшбұрыш W- автомат жағдайын көрсетеді. Бұл автоматтар кернеудің - 48V бір және 48V2 кірістік қорғаныштары болып табылады. Жасыл светодиодтары (- 48V1 ON және - 48V2 ON)қорғағыштар қосылғанда немесе кірістік кернеу - 48V бар кезінде жанып тұрады. FSP модулі екі платадан тұрады:

- Авариялық сигнализация платасы. Бұл плата минорлық/мажорлық авариялық сигнализацияның светодиодтарын басқарады. Авариялық жағдаймен бірге шығарылған блокқа дыбыстың сигнализация беріледі,- 48V авариялық жағдайда МХС блогына беріледі;

- Қоректену платасы. Қоректену платасы LOOP TIE TRUNK ҚЛ бойынша мазасызданған абоненттердің нөмірлерін анықтау үшін қажетті + 48V кернеуді өндіреді.

Мен бұл тараушада цифралық электронды 5ESS, S-12, DTC-3100, DX-200, DRX-4 станциялардың ішінен DRX-4 станциясын алғанымды негіздеймін. Негіздеу барысында бұл станциялардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталамын.

Цифралы электронды станциялардың бір-бірінен ерекшеліктері төмендегідей:

- S-12, 5ESS, DTC-3100 станцияларының коммутациялық жүйелері терминалдардан тұрады.

- DX-200 станциясының коммутациялық жүйесі абоненттік және топтық іздегіштерден тұрады.

- DRX-4 станциясының коммутациялық жүйесі микропроцессорлардан тұрады.

Сондай-ақ олардың сиымдылықтары мен абоненттерге көрсететін қосымша қызметтерінде жоғарыды келтірілген талаптар тұрғысынан алғанда жақсы жақтарымен ұқсастықтары төмендегідей:



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Учебный материал
© bib.convdocs.org
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации