Лекции - Научная организация труда - на казахском языке - файл n1.doc

Лекции - Научная организация труда - на казахском языке
скачать (283 kb.)
Доступные файлы (1):
n1.doc283kb.06.11.2012 16:09скачать

n1.doc

Тақырып 1. Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру ролі

Сұрақ:

  1. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мәні.

  2. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мақсатттары

  3. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттараы

  4. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың және нормалаудың принциптері.


1. Қоғамның басты өндіргіш күші – адамдар. Қанадай салада немесе қай кәсіпорында болса да өндірістің нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет.

Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Қандай еңбек ұжымын алсақ та ол адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әрқайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Осы адамдардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжымдағы адамдардың еңбегін ғылым мен озат әдістердің жетістіктерінің негізінде реттеп, үнемі жетілдіріп отыруды осы арқылы адамдардың ден саулықтарын сақтай отырып жоғары еңбек өнімділігіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдаланылуын, озық технологияны қолдануды және жұмыс істеу мен дем алуды өзара үнемі үйлестіріп отыруды талап етеді.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру – жұмыс уақытын үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруға, адамның жұмыс істеу қабілетін неғұрлым ұзақ мерзім бойы жоғары дәрежеде болатындай қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған шаралар жүйесі.

2. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру 3 түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар.

Экономикалық мақсатқа еңбекті ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып, еңбектің өнімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз ету және өндіріс құраладарын ұтымды пайдалану кіреді.

Психофизиологиялық мақсат жұмыс орнында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардың жұмысты жақсы істеуін ғана емес, сонымен қатар ден-саулықтарын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауды көздейді.

Әлеуметтік мақсат – жұмысшылардың мәдени техникалық дәрежесін арттыруға бағытталған.

Еңбекті нормалаудың басты мақсаты өнім өндіруге қажетті еңбек шығынын анықтау.

  1. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін әрбір басшы немесе адамдар мен жұмыс істейтін мамадар өз ұжымында мына шараларды іске асыру қажет:

1) Жұмысты бөліп беру, жұмысқа жұмылдыру, еңбек ұжымдарын ұйымдастыру

2) Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, реттеу.

3) Жұмыстардың орындалуын жетілдіріп отыру, ол үшін озат тәжірибелерді пайдалану.

4) Адамдарды іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, адамдардың білімін көтеруіне қамқорлық жасау.

5) Адамдардың жұмыс істеу, дем алу тәртібін ойластырып, қолайлы түрін қолдану.

6) Еңбекті мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы болатын жолын тауып қолдану.

7) Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

4. Еңбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде, жинақтылы, үйлесімді, нәтижелі және психофизиологиялық түрдегі жүйеге келтірілуі керек.

Ғылыми негізде деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналған шаралардың ғылыми талаптарға сәйкес болуын айтады.

Жинақтылы деген ұғым еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан-жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.

Үйлесімді түрге еңбекті ұйымдастырудың осы ұйымның нақтылы жағдайларына, ғылыми талаптар мен озық тәжірибенің сәйкестілігі жатады.

Нәтижелі деп еңбек ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты еңбек өнімділігінің, өндірістің тиімділігін артуын айтады.

Психофизиологиялық түрде еңбектің ұйымдастырылуы еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жеріндегі психофизиологиялық, санитарлық және эстетикалық жағдайлардың туғызылуын талап етеді.

Тақырып 2. Еңбек процесін ұйымдастыру

Сұрақ:

1. Еңбек процесстерін жіктеу.

2. Өндірістік операция

Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы.

Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.

Операция - бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі. Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында,сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.

. Негізгі өндіріс процесі

Негізгі операциялар Көмекші операциялар

1) дайындық операциялар 1) транспорттық операциялар

2) технологиялық операциялар 2) қызмет етуші операциялар

3) тексеру операциялар

4) табиғи операциялар

5) қорытындылау операциялары

Дайындау-қорытындылау операциялары - жұмыс орындарын, жабдықтар мен құралдарды шикізат пен материалдарды өңдеуге дайындау үшін және оны дайындағаннан кейін жұмыс орындарын, жабдықтарды жинақтап, тәртіпке келтіруге, өнімді тапсыруға қажет.


Технологиялық операциялар дайын өнім алу үшін шикізаттың құрамын, формасын және қасиеттерін өзгертуден тұрады.

Табиғи операциялар жұмысшылардың белсенді қатысуынсыз жүреді.(пассив операциялар). Жұмысшылар шикізатта жүретін табиғи процестер үшін жағдай жасайды. Табиғи операциялар кезінде еңбек процесі тоқталады.

Тексеру операциялар - технология режимін, тәртібін және еңбек сапасын тексеру үшін қажет операциялар.

Көлік операциялары - жүктерді тасу операциялары.

Қызмет етуші операциялар - ол жұмыс орнын жиыстыру, смена бойы жұмыс орнын жұмыс қалпында сақтау (машинаны жөндеу,техникалық қызмет көрсету).

Өндірістік бөлімді құраушы бөліктер-жұмыс орындары, өндірістік участке және цехтар.

Тақырып 3. Жұмыс орындарын ұйымдастыру негіздері

Сұрақ:

1. Жұмыс орны түсінігі

2. Жұмыс орнын жіктеу

Жұмыс орны - жұмысшылар мен олардың топтарының еңбектік қызметі жүзеге асатын техникалық құралдармен жабдықталған жер, мұнда жұмысшылар еңбек құралдарының көмегімен өнім дайындайды немесе өндірістік процеске қызмет көрсетеді.

Жұмыс орнын операцияларды орындау әдісіне, жұмысшылардың санына, олардың қозғалысына, мамандану деңгейіне байланысты жіктейді.

1) Операцияларды орындау әдісіне қарай жұмыс орындарын операциялар :

а) қолмен істелетін,

б) машинамен-қолмен істелетін,

в) машинамен және автоматпен деп бөледі.

2) Жұмысшы санына байланысты жұмыс орны

а ) жеке-яғни белгілі операцияны бір жұмысшы орындауы

б) топтық -бір операцияны бірігіп орындауы

в) көп станоктық немесе агрегаттық-бір жұмысшының бірнеше жабдыққа қызмет көрсетуі

3) Жұмысшылардың қозғалысына байланысты жұмыс орны:

а) стационарлық-жұмысшы операцияны орындау кезінде орын ауыстырмайды

б) маршруттық-жұмысшы қызмет көрсететін машиналардың жұмысын бақылап, белгілі бір маршрутпен орын ауыстырады. (көп агрегатқа қызмет көрсету)

в) қозғалмалы-жұмысшы машинамен бірге орын ауыстырады.(автотиегіш)

4) Жұмыс орнының мамандану деңгейі бойынша маманданған (бір операцияны орындау) және шоғырланған (бірнеше операцияны орындау).

Жұмыс орнын ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді жақсарту. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру өнімді шығаруды арттырып, жұмысшының ден саулығын сақтауға әсерінтигізеді.

Жұмыс орнын ұйымдастыру дегеніміз - жұмыс орнын құралдармен және еңбек заттарымен жабдықтау және оларды белгілі бір тәртіппен орналастыруға байланысты шаралар жүйесі. Жұмыс орнын ұйымдастыруды зерттеудің мақсаты – еңбектің жоғарғы өнімділігіне жету үшғн жағдай жасау, артық және өнімділігі аз қозғалыстарды жою, жұмыс орнын жабдықтауды жақсартудың шараларын жасау, жұмыс орнын ұтымды жоспарлау, еңбек процессін жетілдіру, жұмыс орнына ұтымды қызмет көрсету, еңбектің қалыпты жағдайын жасау.

Белгілі бір өндірістік процесті қамтитын өнім өндіретін жұмыс орындарының жиынтығы өндірістік участкені құрайды. Бір учаскеде бір түрлі технологиялық операциялар, екіншісінде бірнеше технологиялық операциялар жүзеге асады.

Цех - кәсіпорынның өндірістік және әкімшілік қамтылған бөлімі,өнім дайындалады немесе өндірістік процестің белгілі сатысы орындалады. Цех бірнеше өндіріс учаскесінен тұрады. Цехта мазмұны және міндеті бойынша біріңғай жұмыс орындалады. Цехтар негізгі, көмекші, қосалқы болып бөлінеді. Негізгі цехтарда кәсіпорынның міндетін және бағытын анықтайтын өнімдер өндіріледі. Көмекші цех кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қалыпты жұмысы үшін қажет жағдайды қамтамасыз етеді, энергиямен жабдықтайды, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүзеге асады.

Тақырып 4. Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу, зерттеу әдістері

Сұрақ:

1 Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу.

2 Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу мақсаттары.

  1. Жұмыс уақыты шағындарын зерттеу әдістерін жіктеу.

  2. Жұмыс уақытын фотографиялау.

  3. Хрономотраж.


Еңбек процесстері дегеніміз өндірістік процессті толығымен немесе оның белгілі бөлігін жүзеге асыруды орындайтын қызметтер жиынтығы.

Еңбек процессінде орындаушының ақыл-ой және физикалық еңбегі үйлеседі.

Өндірістік процесс – бұл шикізатты, материалдарды – жартылай фабрикаттарды дайын өнімге айналдыру процессі.

Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу.

  1. Жұмысшының жұмыс уақыты шығынын жіктеу.

  2. Жабдықтың жұмыс уақытын жіктеу.

Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу өндірістің ұйымдастырылуы мен жұмыс уақытын пайдалануын зерттейді, жұмыс уақыты шығындарын оның себептерін анықтайды.

Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу жабдықтың жұмыс уақыты шығындарын жіктеу және жұмысшының жұмыс уақыты шығындарын жіктеу болып бөлінеді.

Жұмыс уақыты – заңды түрде белгіленген жұмысшының жұмыс орнында болуы қажет уақыт мерзімі.

Өндірістік тапсырманы орындауға жұмсалған жұмыс уақыты – жұмысқа дайындалуға және орындауға кеткен уақыт.
Жұмысшының жұмыс уақыты




Жұмыс уақыты Үзілістер уақыты


Өндірістік тапсырманы орындауға жұмсалатын жұмыс уақыты


Реттелетін


Реттелмейтін

ДҚ уақыты

ОП уақыты – негізгі

көмекші

ОБС - жұмыс

орныны қызмет көрсету уақыты

Отд - демалыс уақыты

Л.Н - жеке қажеттіліктер уақыты

ПТ - өндірісті ұйымдастыруға, технологияға байланысты үзілістер

ПП - еңбек тәртібін бұзу

ПО - ұйымдастыру техникалық себептер



Дайындау-қорытындылау уақыты – бұл жұмысқа дайындалу және жұмысты аяқтау уақыты (жұмысқа қажет құралдар, материал алу, жабдықты тексеру, жабдықты жинау, құралдарды қалған материалдарды тапсыру, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнын жинау).

Негізгі уақыт – негізгі жұмысты орындау уақыты.

Көмекші уақыт – жұмысшының негізгі жұмысын орындауды қамтамасыз ететін қызметке жұмсалады. (шикізат әкелу, фаршты фарш араластырғыштан босату).

Жұмыс орнына қызмет көрсету – жұмысшының жұмыс орнын күтуге, оның санитарлық жағдайын дұрыс ұстауға жұмсалатын уақыт (жұмыс орнына шашылған артық заттарды жинау).

Үзілістер уақыты - әр түрлі себептерге байланысты еңбек процессі қысқаратын уақыт. Реттелетін үзілістер құрамына демалыс уақыты – жеке қажеттіліктер уақыты, технологияға және өндірісті ұйымдастыруға байланысты үзілістер уақыты жатады.

Демалыс уақыты – жұмысшының шаршағанын басу және жұмысқа қабілеттілігін қалыпты ұстауы үшін қажет уақыт.

Жеке қажеттіліктер уақыты жұмысшының жеке басының гигиенасына жұмсалатын уақыт. (жуынуға және т.б.)

Өндірісті ұйымдастыруға және бекітілген технологияға байланысты үзілісті уақыты – технологиялық процесс жағдайларының ерекшеліктерімен байланысты уақыт (айран ұйыту, шұжықты термостатта ұстау).

Реттелмеген үзілістер уақыты - еңбек тәртібін бұзудан және ұйымдастыру техникалық себептерден болған үзілістер.

Еңбек тәртібін бұзудан болған үзілістер жұмысқа кешігіп келуден, жұмыстан өз еркімен кетіп қалудан, жұмыстан ерте кетуден, жұмыс кезінде бос әңгімелесуден пайда болады.

Ұйымдастыру –техникалық себептерден болған үзілістер уақытына шикізаттың, материалдың, ыдыстың, көліктің уақытында берілмеуі, көмекші жұмысшының жоқ болуынан, электр энергиясының, будың, судың берілуінің тоқтатылуынан пайда болады.

Нормаланатын жұмыс уақыт шығындары ПЗ, ОП, ОБС, ПТ, ОТД, ЛН.

Нормаланбайтын жұмыс уақыт шығындары ПП, ПО.
Жабдықтың жұмыс уақыты –


Жабдықты пайдалану уақыты

Жұмыс уақыты

Тоқтап қалу уақыты


жұмыс істеп тұрған уақыт




қосылып

бос тұрған уақыт

Реттелетін

Реттелмейтін

ДҚ жұмыстарын орындауға байланысты

қолмен атқарылатын жұмысқа байланысты жабдықты тоқтату

технологияға өндірісті ұйымдастыруға байланысты

демалыс пен жеке қажет тіліктерге байланысты

ұйымдастыру техникалық шара

жұмысшының жұмыс тәртібін бұзу

Нормаланатын

Нормаланбайтын


Жұмыс істеп тұрған уақыт – жабдықта негізгі жұмыс орындалып жатқан уақыт (сүт тарту, сүт кептіру).

Жабдықтың бос қосылып тұрған уақыты – бұл жабдықтың бос қосылып, бірақ негізгі жұмыс орындалмайтын уақыт (еңбек заттарының уақытында түспеуі немесе сепаратор барабанының сүт құйылғанша бос айналуы).

Жабдықтың тоқтап қалу уақыты – белгілі бір себептермен жадықтың тоқтап қалуы.

Жабдыққа қызмет көрсету (пастеризаторды қыздыру, сеператорды жинау) қолмен істелетін жұмысқа байланысты (тартылған етті фарш араластырғыштан алу кезінде жабдықты өшіру).

Еңбекті ұйымдастырудың экономикалық міндеті еңбек өнімділігін арттыру. Еңбек өнімділігін өнім бірлігін дайындауға кеткен жұмыс уақытын азайтып немесе жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санын көбейтіп арттыруға болады. Еңбек өнімділігі дегеіміз уақыт бірлігінде жұмысшының өндірген өнім санымен немесе өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт санымен анықталады.

Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу мына міндеттерді шешуге арналған:

- жұмыс уақытының жоғалтуларын анықтау,

- олардың пайда болу себептерін табу,

- оларды жою шараларын жасау,

- еңбек процесстерін жетілдіруге мәліметтер алу,

- еңбек нормалары мен нормативтерін жасау,

- еңбек процесстерін орындау әдістері мен тәсілдерін бағалау,

- еңбек жағдайын жетілдіру шараларын табу және жасау,

- жұмысшының еңбекке қабілетілігін ұзақ сақтауды қамтамасыз ету,

- бір процесстің орындалуының әр түрлі варианттарын салыстыру және олардың тиімділігін анықтау.

Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу нәтижесінде еңбек өнімділігін арттыру резервтері анықталады.

Жұмыс уақытын тікелей тапжылмай байқау және лезде, қолма қол байқау әдістерімен зерттейді.

Тікелей тапжылмай зертеу әдісі – еңбек процессі мен құралдарының пайдалануы егжей – тегжейлі (детально) зерттеу мүмкіндігін береді. Бұл әдістің кемшілігі байқауға көп уақыт кетеді, көп жұмысшы топтарын зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Лезде байқау әдісін көп жұмысшы топтарының немесе жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалануы жөнінде мәліметтер алуға қолданылады. (Байқау кезеңі ішінде кездейсоқ таңдап алынған кездердің жұмыс уақыты шығындарының түрлерінің қайталану санын тіркейді.)

Жұмыс уақыты шығындарын зертеудің негізгі әдістері жұмыс уақытын фотографиялау, хронометраж және фоторанометраж. Зерттелетін объект санына және зерттелетін жұмыс орнындағы еңбекті ұйымдастырудың формасына байланысты жеке, топтық және маршруттық байқау болып бөлінеді.

Жеке байқау бір орындаушы немесе бір жабдық үшін жүргізіледі. Бірнеше орындаушы немесе жабдық жұмысын зерттеу топтық деп аталады. Белгілі бір маршрутпен қозғалатын жұмысшының жұмысын алдын ала бекітілген маршрутпен бақыласа, онда маршруттық байқау деп аталады.

Еңбек процессінің элементтерін байқауды арнайы бақылағыш немесе орындаушының өзі жүргізе алады.

4. Жұмыс уақытын фотографиялау – белгілі байқау уақыты ішіндегі жұмыс уақытының барлық шығынын зерттеу әдісін айтады. Жұмыс уақытын фотографиялау келесі этаптардан тұрады: байқауға дайындық, байқауды жүргізу, нәтижесін талдау және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге ұсыныс жасау. Жұмыс уақытын фотографиялаудың келесі түрлері бар: жеке, топтық графикалық, лезде байқау әдісімен фоттографиялау, өзін өзі фотографиялау, өндіріс процессін фотографиялау.

Жұмыс уақытын жеке фотографиялауда бақылаушы 1 жұмысшының жұмыс күні ішіндегі немесе жұмыс уақытының белгілі кезіндегі уақытты пайдалануын зерттейді. Фотографиялау алдында бақылаушы орындалатын операцияның технологиясымен, жұмыс орнының ұймдастырылуымен, оған қызмет көрсету тәртібімен, кемшіліктерімен мұқият танысу керек. Байқау орыны қолайлы, жұмысшыға бөгет жасалмайтындай болыу қажет. Байқау нәтижесі жұмыс уақытын фотографиялау картасына жазылады. Байқау басталмастан бұрын жұмысшы туралы мәліметтер жазылады ( аты-жөні, мамндығы, разрды, жасы, стажы) әрі қарай зерттелетін жұмысқа сипттама беріледі (операция аты, жұмыс мазмұны және разряды). Жұмыс уақыты шығындарын жазу үздіксіз жүргізіледі.



Не бақыланады

Ағымдағы уақыт

Ұзатқтығы

Индексі

1

Жұмыстың басталуы

8:00

-

-

2

Жұмысқа кешігу

8:15

15

ПП

3

Құралдар алу

8:25

10

ПЗ

4

Үзіліс-шикізат жоқ

8:30

5

ПО

5

Негізгі жұмыс

9:20

50

ОП

6

Бос әңгімелесу

9:30

10

ПП

7

--

Негізгі жұмыс

----------------------------

10:15

-------------------

45

------------

ОП

---------

8

Негізгі жұмыс

17:40

-

ОП

9

Құралдарды өткізу

17:45

5

ПЗ

10

Жұмыс орнын жинау

17:50

5

ПЗ

11

Жұмыстан ерте қайту

17:55

5

ПП

12

Жұмыс аяғы

18:00

-

-

480
Бұдан кейін жұмыс уақытының іс жүзіндегі және нормативті баланстары құрылады.
Жұмысшының жұмыс уақыты балансы.


Жұмыс уақыты элементтері

Іс жүзінде

Нормативті


ОП

265

405

ПЗ

20

15

ОБС

20

20

Д

40

30

ЛН

20

10

ПО

45

-

ПП

70

-

  1.  480



Шаралар

қысқартылатын уақыт индексі

мөлшері


Еңбек тәртібін бұзушыларға шара қолдану (еңбек ақысын қию, штраф)

ПП

70


Шикізат, материал

алынатын бөлімнің жұмысын

жарты сағат ерте босату.

ПО

45


Жеке қажеттіліктерді

уақытын қысқарту.

ЛН

10


....


....

....



Т(оп) = 100 (Тсм – Тпз – Тобс – Тлн – Тпт) / 10 + Ротд
Мұндағы Ротд - демалуға берілген уақыт нормативі, оперативті уақыттан %
Тотд = (Tсм – Тпз – Тобс – Тлн – Тпт ) Ротд / (100+ Ротд)
Еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндігі

М = (Топ. н – Т оп. і.ж) * 100 / Топ. іс.ж

Жұмыс уақытының топтық фотографиялау - жұмысшы, жабдық топтарының жұмыс уақытын пайдалануын бақылауға арналған. Жұмыс уақытын топтық фотографиялау картасына бақылау жазбалары мен алынған мәліметтер толтырылады.

Ағымдағы уақыт. Уақыт шығынының индексі.

сағ. Мин. 1ж 2ж 3ж 4ж 5ж

8 00 ОП ПО ПО ПО ПО

8 02 ОП ПО ПО ПО ПО

8 04 ОП ОП ПО ПО ПО

8 06 ОП ОП ОП ПО ПО
Графикалық

Жұмыс уақытын фотографиялау. Байқау уақыты ішіндегі әртүрлі жұмыстармен үзілістердің ұзақтығы мен алмасуын көрнекті көрсетеді.
ПТ

ОП

ЛН

ОТД

ПО

ПП

ОБС

ПЗ

8 9 10 11 12 13 Тсм/сағ
Лезде байқау әдісімен жұмыс уақытын фотографиялау жұмысшылардың үлкен тобының жұмыс уақытын пайдалануын зерттеуге қолданылады. Лезде байқау әдісінде жұмыс орындарын алдын ала белгілі маршрутпен аралап, жұмысшының сол уақытта немен айналысып жатқанын белгілеп отырады.



Моменттер

саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Шартты белгілері

/

//

///

////

/////

//////

///////

////////

/////////

/////////




.

..

...

::

::.

:::

:::.

::::

::::.

:::::


Байқау нәтижелерін талдағанда моменттер санын жұмыс уақыты шығындарын әрбір категориясы бойынша санап, олардың барлығын қосып, моменттердің жалпы санынан әрқайсысының проценттік қатынасын анықтайды.

жұмыс уақыты шығындарының түрлері

байқау нәтижелерін белгілеу

байқау моменттерінің саны

жұмыс уақыты шығындарының %


ПЗ

/////////////

12




ОП

////////////////////////.....

248




ОБС

///////

7




ОТД

////////////

13




ПО

///////////////////////////////////

30




Жалпы




310





М=12+248+7+13+30=310-100% 12*100/310=3,9

12 - Х
Бақылау моментінің саны неғұрлым көп болса, бақылау дәлдігі де соғұрлым артады.
Өзін өзі фотографиялау тек қана жұмыс уақыты шығындарымен олардың пайда болу себептері анықталады. Байқау қағазына орындаушы жұмыстағы үзілістердің басталуы мен аяқталуын, себептерін жазады. жұмыс уақыты шығындары жоюға өзінің ұсынысын жасайды.

Үзілістер себебі.

Басталуы.

Аяқталуы.

Ұзақтығы.


фарштың берілуін күту

9:15 ч/мин

9:33 ч/мин

-:18 ч/мин


арбаны күту

13:10 ч/мин

13:20 ч/мин

- 10 ч/мин


Хронометраж - артық керек емес шаршататын және өнімсіз қимыл – қозғалыс әрекеттерді анықтау және жою мақсатымен операцияның цикл сайын қайталанатын элементтерін өлшеу және байқау арқылы жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдісі.

Хронометраж мақсаттары:

  1. еңбектің алдыңғы қатарлы әдістерімен тәсілдерін зерттеу және енгізу.

  2. жекелеген жұмысшылардың норманы орындау себептерін анықтау.

  3. еңбек шығынының техникалық негізделген нормаларын тағайындау.

Хронометраждық байқаулар оперативті уақыттың нормативті ұзақтығын анықтайды.
Тақырып 5. Кәсіпорында еңбекті бөлу және еңбекті кооперациялау

Сұрақ:

  1. Еңбекті бөлу

  2. Еңбекті кооперациялау.

3. Еңбек өнімділігі.
Еңбек бөлінісі – біріккен еңбек процессіндегі адамдар қызметін шектеу. Еңбек бөлінісінің 3 түрі бар. 1) Қоғамдық өндірісті басты салаларға бөлу


Халық шаруашылығы




өнеркәсіп ауылшаруашылығы көлік байл-с

2. Жеке өнеркәсіп, сала ішінде
тамақ жеңіл ауыр

Ет Сүт Нан




Шұжық Консерві Ет өндірісі
3. Бірлік, яғни кәсіпорын ішінде еңбекті бөлу цех, бөлім, участок, бригада.

Кәсіпорында еңбекті бөлудің негізгі формалары технологиялық, функциональды – мамандығы, біліктілігіне байланысты бөлу.

Технологиялық еңбек бөлінісі олардың технологиялық бірыңғай белгілеріне байланысты жұмыстарды бөлу. Осыған байланысты өндіріс процесі цехтарға және бөлімшелерге жіктеледі. Ет қомбинаты ? малды сою? етті бөлу? ішекті өңдеу? теріні өңдеу бөлімдері.

Еңбекті функциональды бөлінісі – қызметкерлердің қызметін олардың өндірісте орындайтын функцияларына сәйкес бөлу. Орындайтын функцияларына байланысты кәсіпорынның барлық қызметкерлері төмендегідей функционалды топтарға бөлінеді. Негізгі жұмысшылар, көмекші жұмысшылар, инженер – техникалық қызмекерлер, қызметшілер, кіші қызмет етушілер - өрт сөндіру – күзет қызметкерлері.

Мамандық пен біліктілікке байланысты еңбекті бөлу - әрбір функционалды топтағы қызметкерлерді олардың мамандықтарына байланысты, соның ішінде еңбектің күрделі топтарына (разрядтар, категорияларға) байланысты жеке топтарға бөлу.
Еңбек кооперациясы – адамдардың бір немесе әр түрлі өзара байланысқан еңбек процессіне бірлесіп қатысуы. Кәсіпорында кооперацияның келесі түрлері бар:

цех аралық (кәсіпорынның цехтары арасында,

цех ішінде (цехтың участкелері арасында,

участкелер ішінде (орындаушылар немесе бригадалар арасында,

бригада ішінде (бригада мүшелері ішінде)

Кооперацияның қарапайым түрі – орындаушылар арасында өндірістік байланысты бекіту болып табылады.

Бұл байланыс еңбекті ұымдастырудың жеке және ұжымдық формаларына байланысты болады. Еңбекті жеке ұйымдастыруда әрбір жұмысшы өндірістік тапсырманы өз бетімен орындайды. Өндірісті ұжымдық ұйымдастыруда еңбек процессін орындаушылардың тобы жүзеге асырады, олардың жұмыс орны мен өндірістік тапсырма жалпы болады. Еңбекті ұжымдық ұйымдастырудың кең таралған формасы – бригада. Бригадалар маманданған және кешенді болуы мүмкін.

Маманданған бригада бірыңғай технолгиялық процессті орындайтын бір мамандық жұмысшылары бірігеді. Кешенді бригада әр түрлі технологиялық жұмысты орындайтын, әр түрлі мамандығы бар жұмысшылар бірігеді.

3. Еңбек өнімділігі.

Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:




Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:



Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:

Натуралдық: Nt – өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі – бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады.


Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.



Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі – инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.

Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.

мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі

ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі.

Артықшылығы – барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес.

Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай еңбек өнімділігі келесі болуы мүмкін:

, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-сағат саны


, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-күндерінің саны



Еңбек өнімділігінің өсуін анықтау үшін үнемделген жұмысшылар санын табады:


Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар әсер етеді: экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, басқарушылық, психологиялық. Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын жетекшілері қолдануға тиіс және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет.

Тақырып 6. Еңбек жағдайы және олардың элементтері.

Сұрақ:

  1. Еңбек жағдайы түсінігі

  2. Еңбек жағдайының психофизиологиялық фактор

  3. Санитарлық гигиеналық факторлар

Еңбек жағдайын жақсарту шаралары еңбек өнімділігін өсірудің, өндірістің тиімділігін және жұмыс сапасын арттырудың маңызды факторы. Еңбек жағдайы – еңбек процессіндегі адамның еңбекке қабілеті мен денсаулығына әсерін тигізетін өндірістік ортаның факторларының жиынтығы. Еңбек процессінде адам организміне әсер ететін факторлар - психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік психологиялық. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізгі міндеті осы факторларды қолайлы деңгейде ұстау. Еңбек жағдайын жақсартуға еңбек пен демалыстың ғылыми негізделген тәртібін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерін енгізу жатады. Өндірістік ортаның жұмыс істейтін адамға әсерін жұмыстың ауырлылығы көрсеткіші сипаттайды. Барлық жұмыс ауырлығына байланысты 6 категорияға жіктеледі.

1 – категорияға өте қолайлы өндірістік ортада орындалатын жұмыстар жатады.

2 – категорияға өндірістік факторлардың шекті босатылған мөлшерден аспайтын жағдайда орындалатын жұмыстар жатады.

3 – категорияға толық қолайлы емес жағдай нәтижесінен жұмысшылардың жұмыс аяғына қарай физиологиялық функциялары нашарлайтын жұмыстар жатады.

4 – категорияға еңбектің қолайсыз жағдайы еңбекке қабілеттілікті біршама төмендететін, нәтижесінде өндірілетін өнім саны мен жұмыстың сапасы төмендейтін жұмыстар жатады.

5 – категорияға еңбектің өте қолайсыз жағдайында оындалатын жұмыстар жатады.

6 – категорияға еңбектің ерекше қолайсыз жағдайында орындалатын жұмыстар жатады.

Еңбек жағдайының психофизиологиялық факторына - дене күшінің шығындары, ынталы зейін, жұмыстың қарқыны мен ырғағы, бірыңғай еңбек, жұмыс айы жатады. Дене күші тасымалданатын жүк массасымен, жұмсалатын күш шамасымен, дене күшін қажет ететін уақытпен сипатталады.

Әйелдер үшін ауыр затты 1 рет көтеру 20 кг. Ер адамдар үшін 50 кг аспау қажет. Жұмыстың 1 сағатына жұмсалатын энергия шығындары 250 ккал аспау керек. Ауыр жұмысты жоюдың негізгі бағыты механизациялау.

Ынталы зейін орындалатын жұмыс пен машинаны басқарудың күрделілігінен, жұмысты қауіпсіз жүргізу қажеттігінен пайда болады. Ол орындалатын операцияның күрделілік дәрежесінен, көз бен естудің шаршауымен, жұмыстың қауіптілік дәрежесімен сипатталады. Ет өнеркәсібінде көптеген өндірістік операциялардың (малды есінен тандыру, қансыздандыру т.б.) психологиялық ерекшеліктері бар және жұмысшылардың ынталы зейіні болуын талап етеді.

Жұмыс қарқыны – уақыт бірлігіндегі жұмысшының дене бөліктерінің (аяқ, қол) қозғалыс санымен сипатталады.

Жұмыс ырғағы жекелеген жұмыс элементтерімен олардың арасындағы үзілістердің уақытында дәл алмасуы.

Бірыңғай еңбек – бірдей қысқа уақытта операцияның көп рет қайталануы.

Жұмыс жағдайы орындалатын жұмысқа, орынға және оны орындау жағдайына байланысты. Жұмысқа 10 кг дене күші керек болса тұрып, дене күші 5 кг аспаса отырып орындауға болады.

Санитарлық гигиеналық факторларға - өндірістік орынның микроклиматы, ауаның тазалығы, шу, діріл, ультра дыбыс, сәуленің әр түрлері, жұмыс орнын жарықтандыру, қол терісінің әр түрлі тұз, су ерітінділерімен жұмыс жасауы, тазалық жатады. Өндірістік орынның микроклиматы температурамен, ылғалдықпен, ауа қозғалысымен, оның барометрлік қысымен сипатталады.


Жыл кезеңі

Жұмыс категория


Температура (ауа, С)

Ауа қозғалысының жылд. м/с

Суық

Жеңіл

20-23

0,2




Орташа

18-20

0,2




Ауыр

16-18

0,3

Жылы

Жеңіл

22-25

0,2




Орташа

21-23

0,3




Ауыр

18-20

0,5


Ауаның тазалығы әр түрлі ластануды (шаң, газ және түтінді) жою арқылы қамтамасыз етіледі.

Адамға әр түрлі шу мен жиілігі жоғары діріл зиянды әсерін тигізеді. Организмге шудың зиянды әсері есту мүшесінің зақымдануынан, жүйкенің шаршауынан көрінеді.

Жұмыс орнын жарықтандыру жұмысшының еңбек өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді. Жарық жеткілікті болмаса көз тез шаршайды.

Тазалық пен тәртіпті сақтау еңбек жағдайының басты көрсеткіші. Тазалық дегеніміз жұмыс орнының жағдайының санитарлық талаптарға сай келуі. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайының эстетикалық факторлары эстетика талаптарын есепке ала отырып жасалуы қажет. Мүлікті, өндірістік құралды эстетикалық әсемдеу, көгалдандыру және музыканы қолдану жұмысшының жұмысқа қызығушылығын арттырып, олардың шаршауын азайтады. Эстетикалық өндірістік жағдай жасаудың маңызды құралы түс. Жасыл, сары-жасыл, көгілдір түс – тыныштандырады, күлгін түс көңіл күйді түсіреді, сары түс көңіл күйді жақсартады. Түстер суық (көк, көгілдір, сұр) және жылы (сары, қызғылт сары, қызыл). Үлкен дене күшін қажет ететін жұмыстар да, жоғары температурамен жұмыс істейтін цехтарда ақшыл көгілдір, сұр-көгілдір, жасыл-көгілдір, сұр-жасыл түстерді пайдалану ұсынылады.

Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу

Сұрақ:

  1. Уақыт нормасы түсінігі

  2. Өнім өндіру нормасы


Уақыт нормасы (Нвр) - белгіленген ұйымдастыру – техникалық жағдайда жұмыс бірілгін орындауға бекітілген уақыт шығындары.

Уақыт нормасын адам-минут немесе адам-сағатпен есептейді.

Уақыт нормасы. Нвр =t шт + tпз

Жұмыс бірлігіне даналық уақыт

tшт = tо+ tв + tобс+ tотд + tлн + tпт

Техникалық негізделген уақыт нормасы




Дайындау қорытындылау. Даналық уақыт ШТ

уақыты ПЗ

ОП ОБС ОТД ЛН ПТ

О В

Өнімді жекелеген партиямен дайындау кезіндегі уақыт нормасы былай анықталады.

Нвр.п = tшт * n + Тп.з

n – партиядағы өнім саны.

Тп.з - өнімдер партиясына жұмсалған дайындау қорытрындылау уақыты мин (сағ)

Өнім өндіру нормасы (Нв) – белгіленген ұйымдастыру–техникалық жағдайдағы уақыт бірлігінде жұмысшы немесе олардың топтары орындауы қажет жұмыс көлемі. Уақыт нормасын өлшеудің натуралды бірліктерімен өлшейді.(дана, м, мІ, мі, т, кг, және т.б)

Өнім өндіру нормасы Нв = Тр * r / Нвр

Тр - өнім өндіру нормасын есептейтін уақыт ұзақтығы (сағ, смена, тәулік, ай)

r – жұмысты орындауға қатысатын жұмысшылар саны.

Кәсіпорындарда көптеген жағдайларда өнім өндіру нормасын сменаға есептейді.

Нв = Т см/Нвр

Тсм – сменалық уақыт.

Өндіріс процессінің ерекшеліктеріне байланысты өнім өндіру нормасы былай анықталады.

Нв = (Тсм –Тп.з – Тобс – Тотд – Тлн – Тпт) / tоп

немесе Нв = (Тсм – Тп.з) / tшт

Уақыт нормасымен өнім өндіру нормасы кері пропорциональды, яғни уақыт нормасы азайса, өнім өндіру нормасы көбейеді және керісінше.

Нв = 1 / Нвр Нвр = 1 / Нв

Уақыт нормасы мен өнім өндіру нормасы негізінде кесімді расценканы есептейді. Расценка өнім бірлігіне тариф бойынша қойылатын ақы.

Р = Тст.ч / Нвр Р = Тст.д / Нв
Тст.ч, Тст.д – сағаттық және күндік тарифтік ставка.

Бірнеше операцияға бекітіліген уақыт және өнім өндіру нормасын іріленген деп атайды. Нормаларды маусым (сезон) аралық кезеңде жалпы өндіріс көлемінің азаюына байланысты, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасын енгізу кезінде ірілейді.

Іріленген өнім өндіру нормасын сменаға анықтайды және бригаданың өнім өндіру нормасын бекітуге қолданады.

Бірнеше операцияға өнім өндірудің іріленген нормасы Нв = Т / ?Нвр

Т – жұмыс уақыты қоры мин. сағ.

? Нвр – біріктірілген операцияның уақыт нормаларының сомасы адам – сағ, адам – мин.

Мысалы. Малды сою және ұшаны бөлу цехында сезонға байланысты өндірістің азаюынан келесі операциялардың нормалары ірілендірді. Боксқа малды айдап кіргізу, элеваторға ілу (0,48 адам-мин Ун), ұшаны қансыздандыру, басын бөлу (0,98 адам-мин Ун). Іріленген өнім өндіру нормасын анықтау қажет. Біріктірілген операциялардағы өнім өндіру нормасы бірдей өлшеу бірілігімен берілгендіктен Нв = 420 / (0.48 + 0.98) = 400 / 1.46 = 288 бір жұмысшыға 288 бас сменасына.

Өнім бірлігіне іріленген расценка – нормаланатын операциялардың белгілі мөлшерінің орындалуына тариф бойынша еңбек ақы.

Ірілеген расценканы анықтағанда барлық операцияларға тарифтік разрядтар бекітіледі, тарифтік разрядтар негізінде операциялар бойынша сағаттық тарифтк ставкаларды анықтайды. Расценканы әрбір операция бойынша сағаттық тарифтік ставканы нормативті уақыт шығындарына көбейтіп есептейді. Іріленген расценканы барлық операциялар боыйнша расценкаларды қосып анықтайды.

Тақырып 8. Еңбек процестерін ұйымдастыру әдістері және нормалау

Сұрақ:

  1. Қолмен істелетін еңбек процесстерін ұйымдастыру және нормалау.

2. Машиналар мен аппараттармен істелетін еңбек процесстерін ұйымдастыру және нормалау.

3. Көп станокта қызмет көрсету

4. Тасқынды өндірісті ұйымдастыру
1. Қолмен істелетін еңбек процесстерін ұйымдастыру және нормалау

Қолмен істелетін операцияларға уақыт және өнім өндіру нормасын белгілеу үшін операцияны құраушы элементтердің мазмұнын, олардың орындалу тәртібін, қолданылатын құрал жабдықтарды, олардың жұмыс орнына орналасуын мұқият зерттеу қажет. Уақыт нормасын бекіту үшін шикізаттың бірыңғай болуын қамтамасыз ету қажет.

Уақыт нормасы Нвр = Тсм / Нв
Өнім өндіру нормасы Нв = (Тсм – Тпз – Тобс – Тотд – Тлн - Тпт) / toп
Расценка P = Tcт. ч * Hвр. Р = Тст. д * Нв
Тст. ч, Тcт. д – сағатық және күндік тарифтік ставка.

Өнім өндіру нормасын есептеу үшін Тпз, Тобс, Тотд, Тлн, Тпт – жұмыс күнін фотографиялау көмегімен, ал оперативті уақытты хронометраж көмегімен анықтайды.

2. Машиналар мен аппараттармен істелетін еңбек процесстерін ұйымдастыру және нормалау.

Машиналар мен аппараттар жұмыс істеуіне байланысты 2-ге бөлінеді.

Үзіліспен жұмыс істейтін машиналар. Үзіліспен жұмыс істейтін машиналар мен аппараттардың өнім өндіру нормасы смена ішіндегі олардың жұмыс ұзақтығына, жұмыс циклының ұзақтығына және бір жұмыс циклында өндірілетін жартылай фабрикат пен дайын өнім көлеміне байланысты. Машиналар мен аппараттар жұмыс циклы - тиеу уақытынан, шикізатты материалды және жартылай фабрикаттарды өңдеу, әсер ету уақытынан, дайын өнімді түсіруге жұмсалған уақыттардан тұрады.

Бір машина мен аппарат жұмысындағы өнім өндіру нормасын машинамен аппараттың 1 жұмыс циклында өндірілген өнім мөлшерін сменадағы циклдер санына көбейтіп анықтайды.

Үзіліспен істейтін 1 машина мен аппараттың жұмысындағы өнім өндіру нормасы.

Нв = (Тсм – Тпз – Тобс - Тлн) В / Тц

В – 1 жұмыс циклындағы өнім өндіру көлемі.

Тц – машина мен аппараттың 1 жұмыс циклының ұзақтығы.

Егер дайындау-қорытындылау, қызмет көрсету, жеке қажеттіліктер уақыты жобаланбаса өнім өндіру нормасы

Нв = Тсм * В / Тц
Тц = Тз + Тө + Тв

2. Үздіксіз жұмыс істейтін машиналар мен аппараттардың өнім өндіру нормасы жабдықтың техникалық өнімділігіне байланысты

Өнім өндіру нормасы.

Нв = Ач (Тсм – Тпз – Тобс – Тлн – Тпт)

Ач – 1 сағ үзіліссіз жұмыс істейтін машина мен аппараттың техникалық өнімділігі.

Егер бір жұмысшы немесе жұмысшылар тобы 1 машинадан көп машинада жұмыс істесе өнім өндіру нормасы.

Нв = Ач (Тсм – Тпз – Тобс – Тлн - Тпт) * Но

Но – қызмет көрсету нормасы.
Көп станокта қызмет көрсету бір жұмысшының немесе бригаданың бір уақытта бірнеше машинаға, аппаратқа, станокқа немесе станокта жұмыс істеуі.

toп = tмc + tз,

tз – жұмысшының жұмыс уақыты

tмс – жұмысшының қатысуынсыз 1 машинаның үздіксіз жұмыс істеу уақыты.

Жұмысшының осы машинаға қызмет көрсетуге кеткен жұмыс уақыты

tз = tв + tвп + tн + tп

tв,tвп –

tн, tп – машина жұмысын активті бақылау уақыты және 1 машинадан басқасына бару уақыты.
Көп станокта жұмыс істеудің негізгі шарты

tмс > ? tз, осы жағдайда ғана машиналардың тоқтап қалуы болмайды.

? tз – барлық қалған машинада жұмысшының жұмыс уақыты. Егер tмс, tз кіші болса, жұмысшы басқа машиналарға қызмет көрсетуге үлгермейді. Егер жұмысшы машинаға цикл аяғында, келесі цикл басында бір рет барып қызмет көрсетсе, бұндай машиналар бір рет қызмет көрсетілетін деп аталады. Цикл ішінде бірнеше рет қызмет көрсетілуі қажет машиналар көп рет қызмет көрсетілетін машиналар деп аталады.

Барлық қызмет көрсетілетін машиналарда бірдей операциялар орындалса цикл ұзақтығы tц = tмс + tз, бір рет қызмет көрсетілетін үздіксіз жұмыс істейтін бірдей машиналарға қызмет көрсету нормасы

Но ? tмс / tз + 1

Мысал tмс = 6 мин, t = 3 мин

Но =6 / 3 + 1 = 3 tц = 6 + 3 = 9 мин

Машиналар саны,

Тц = 6
Егер tз = 3 мин жұмысшының жұмыс уақытын 0,3 мин келесі машинаға ауысуға кетсе

Жұмысшының әрбір циклдағы үзілісі

tпер = tмс – (Но - 1) * tз

tпер = 6 – (3 - 1) * 3 = 0

Машинаның тоқтап тұру уақыты

tпр = Хtз (Но-1) - tмс

tмс= 8 мин, tз = 3 мин

Н = 8 / 3 + 1 = 3,6 егер Но=3 деп алсақ әрбір циклдағы жұмысшы үзілісі

tпер=8- (3-1) * 3 = 2 мин

ал егер Но = 4 деп алсақ, онда әрбір машина

tпр=3 * (4-1) – 8 = 1 мин тоқтап тұрады.

Цикл ішіндегі 1 жұмысшының қызмет көрсете алатын машиналар саны жұмысшының жұмыс істеу коэффициентін анықтайды.

Тасқынды өндіріс өзара байланысқан операциялардың ырғақты қайталану негізінде өндірісті ұйымдастыру формасы. Операциялар технологиялық процесс жүйелілігімен орналасқан маманданған жұмыс орындарында орындалады. Тасқынды өндіріст принціптері тура дәлдік, мамандану, үздіксіздік және ырғақтылық. Тура дәлдік прнинцпінде жабдықтар мен жұмыс орындарын технологиялық процесс жүйелілігімен орналастыру қарастырылады. Бұл еңбек заттарының өндіріске қысқа жолмен қозғалуын қамтамасыз етеді және операцияны орындаудың тұрақты қарқынын бір қалыпты ұстауға әсерін тигізеді.

Тасқынды линиялардың мамандануы дегеніміз бір немесе бірнеше технологиялары ұқсас өнімдерді дайындау (бөтелкелерге сүтті құю линиясы).

Үздіксіз принцпі еңбек заттарының операциялар бойынша тез тоқтаусыз қозғалыста болуы.

Ырғақтылық принцпі әрбір жұмыс орнындағы барлық операцияның ырғақты қайталануы кезінде көрінеді. Тасқынды линия – тасқынды өндірісті ұйымдастырудың бір формасы. Тасқынды линия дегеніміз технлогиялық процесс жүйелілігімен орналасқан маманданған жұмыс орындарының жиынтығы. Механикаландыру деңгейіне байланысты қолмен істелетін, механикаландырылған, автоматтандырылған тасқынды линияларға бөлінеді. Қолмен істелетін тасқынды линияда негізгі операциялар қолмен орындалады, мұндағы операциялар шикізаттың ерекшелігіне байланысты механикаландыруға келмейді. Механикаландырылған тасқынды линияда технологиялық операциялар адамның тікелей қатысуымен машина көмегімен орындалады. Автоматтандырылған тасқынды линия – өзара байланысқан машиналардың, аппараттардың, көлік құралдарының, басқару приборларының және басқару пультінің жүйесі, өнімді дайындаудағы операция циклын технологиялық жүйелікпен автоматты түрде орындайды.

Тасқынды линия ырғағы – бір бірінен кейін өндірілетін 2 өнімнің арасындағы уақыт аралығы

R = Тсм – Тотд / N

R - тасқын ритмі, сағ.мин.сек. N - сменалық тапсырма, дана, масса бірлігі. Мысалы смена ұзақтығы 420 мин шошқаны союдың, сменалық тапсырмасы 1000 бас

Тотд = 30 мин R = (420-30)*60/1000=23,4 сек

Операция ырғағы - 2 жартылай фабрикатты немесе дайын өнімді шығару арасындағы минимальды уақыт

Rоп=t oп / n

n-жұмысшы саны.

Тақырып 9. Еңбек ақы, функциялары, реттеу

Сұрақ:

  1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы

  2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру

Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.

Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.

Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.

Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.

Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.

Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.

Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келісіні көздейді:

Еңбекті төлеу қағидалары:

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.

Тақырып 10. Тарифтік жүйе және оның элементтері

Сұрақ:

  1. Тарифтік жүйе түсінігі

2. Тарифтік жүйе элементтері

Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.

Тарифтік жүйе


Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:

  1. Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.

  2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.

  3. Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.

  4. Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.


Тақырып 11. Еңбек ақы формалары және жүйелері


Сұрақ:

1. Кесімді еңбек ақы формасы, жүйелері

2. Мерзімді еңбек ақы формасы, жүйелері
Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:



Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:

  1. Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.

  2. Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.

  3. Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.

  4. Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.

  5. Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.

Екі жүйесі болады:

  1. Қарапайым мерзімді;

  2. Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.



Тақырып 12. Негізгі еңбек ақыға қосымшалар мен үстемелер, сыйақы

Сұрақ:

    1. Негізгі еңбек ақы

    2. Қосымша еңбек ақы

    3. Сыйақы




Еңбек ақы құрылымы

Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы


Тарифтік қор

Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер

Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдер

Қосымша төлемдер, тарифтік қорға







Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді

(түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).

Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.).

Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.

Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.


Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:


Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.

Тақырып 13. Еңбек ақыны тарифсіз ұйымдастыру

Сұрақ:

1. Еңбек ақыны тарифсіз жүйесін қолдану түсінігі және сферасы. Белгілері. Түрлері.

2. Еңбек ақыны тарифсіз жүйесін қолдану сферасы.

3. Еңбек ақыны тарифсіз жүйесін қолдану белгілері, түрлері.
Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.



- бәсекелестің тауарлық өнімі.

Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:



Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.

Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:



Учебный материал
© bib.convdocs.org
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации